Медицина қызметкерлерінің VII жаздық облыстық спартакиадасы

 
 

Павлодар қаласында  23 маусымда «Денсаулық бәрімізге!» ұранымен, медицина қызметкерлерінің кәсіби мейрамына орайластырылған VII жаздық облыстық спартакиада өтеді. Спартакиадаға медицина қауымының өкілдері, медицина колледждерінің, ЖОО  мұғлімдер құрамы мен  студенттері қатысады.  Спартакиада аясында Павлодар жоғарғы медицина колледжінің спорт алаңында ерлер арасында мини-футболдан және гір көтеруден, әйелдер арасында волейболдан, ерлер мен әйелдер арасында жеңіл  атлетикадан, армрестлингтен, арқан тартудан сайыстар өтеді.

Республика халқының денсаулығын нығайту мақсатында  медицина қызметкерлерінің  жеткілікті дене белсенділігін қолдаушы ретінде имидждік рөлі өте маңызды.

Павлодар облысындағы спартакиаданың қолдаушылары: облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғарғы медицина колледжі және салауатты өмір салтын қолдау орталығы.