Салауатты өмір салтын үйлестірушілердің семинары

Мамыр айында  облысымызда бірден бес ұлттық бағдарлама: «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!», «Демікпесіз өмір сүр», денсаулық апталығы  «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!», «Дүниежүзілік артериалық гипертониямен күресу күні» және  «Сау дәрігер-сау пациент» жүзеге асырылады.

Салауатты өмір салтын үйлестірушілері  үшін өткізілген облыстық семинарда осы бағдармалар аясында өткізілетін іс-шаралар  талқыланды, сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік  «Денсаулык» бағдарламасының жүзеге асыру  бойынша  өткізілген жұмыстың қортындысы баяндалды. Баяндалған жұмыс қортындысы  алдағы уақытта  қандай бағытта жұмыстарды   нығайту  керектігін ашып берді.

Павлодар облысының штататтан тыс кардиологы, ишемиялық жүрек аурулары бөлімінің меңгерушісі М. Әбішева Павлодар облысының медицина ұйымдарында, соның ішінде облыстық кардиология орталығында, жүрек-қан айналымы ауруларын интегралды басқару моделінің енгізілу барысы туралы  айтты. Сонымен қатар, облыстағы  жүрек-қан айналымы аурулары бойынша  ахуалды хабарлады. Кардиолог маман тыңдармандардың назарын, жеке  жүрек-қан айналымы жүйесінің жұмыс жағдайын қадағалайтын АnginaCjntrol мобильді қосымшаның пайда болғанына аударды.  Бұл бағдарлама  жеке тұлғаның денсаулығының электронды күнделігі болып, кардиолог-дәрігерге  қысқа мерзімде дұрыс диагноз  қоюға көмектеседі.

Семинарда Екібастұз қ. №2 емханасында жыл басынан бері салауатты өмір салты қалыптастыру және аурудың алдын алу бойынша  істеліп жатқан жұмыстар туралы баяндама  тыңдалып, соның ішінде, 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні тұрғындармен  өткізілген іс-шара  аталды.

Семинардың соңында,  салауатты өмір салтын қолдау орталығы оқушылар арасында ұйымдастырып, өткізген үш сайыстың (ең үздік шығарма, ең үздік сурет және ең үздік насихат плакаты) қортындысы жарияланды. Сайыстардың қортындысы туралы толық ақпаратты салауатты өмір салтын қолдау орталығының сайтындағы жаңалықтардан білуге болады.