2017 жылғы 23 қазанынан 1 қарашасы аралығы – Ұлттық алкогольден бас тарту күніне орайластырылған онкүндік

28 қазанда Ұлттық алкогольден бас тарту күні өткізіледі. Биыл ішімдікті шамадан тыс тұтынудың алдын алу бойынша онкүндік 2017 жылғы 23 қазанынан 1 қарашасы аралығында «Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!» ұранымен өтеді.

Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты-ішімдіктің зияны, ішімдікті, соның ішінде пиваны, тұтынуды төмендетуге бағытталған тиімді шаралар туралы білімділік деңгейін арттыру.

Әлемдік деңгейде ішімдік — қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басым үш мәселенің бірі. Еуропа одақтарындағы елдерде ішімдікті тұтынуға жыл сайынғы 120 000-ға жуық мезгілсіз өлім-жітім дерегі, яғни еркектер арасындағы әр 7-ші дерек пен әйелдер арасындағы әр 13-ші дерек байланысты.

Әсіресе Европада ішімдіктің есебінен болатын өлім-жітім ауыртпалығының үлесі созылмалы аурулар – бауыр циррозы, қатерлі ісік пен жүрек-қантамыр ауруынан болатын өлім-жітім категориясына және жіті себептер – оқыс пен қасақана алған жарақаттың салдарынан болатын өлім-жітім категориясына тиесілі.

Ішімдіктің есебінен болатын басқа өлім-жітімдердің үлесі инфекциялық ауруларға (туберкулез, АИТВ мен пневмония), психикалық-неврологиялық жағдайларға (қояншық, ішімдікті тұтынудың салдарынан болған бұзылыстар) және неонаталды жағдайларға (фетальді алкогольді синдром) тән болады.

ДДҰ-ның ғаламдық мақсаты 2025 жылға дейін ішімдікті шамадан тыс тұтынуды кемінде 10%-ға біршама шектеу болып табылады.

2012-2020 жылдарға арналған Ішімдікті шамадан тыс тұтынуды шектеу жөніндегі Еуропалық іс-қимылдар жоспарының мәліметтері бойынша ұлттық деңгейде қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын аса тиімді араласу шараларының бірі ішімдіктің қолжетімділікті реттеу жүйесі болып табылады.

Сонымен қатар, жас тұлғалар мен жасөспірімдердің ішімдікті тұтынуы мен қолжетімділікті төмендету үшін барлық қолданыстағы заңнамалық нормаларды сақтауда барлық қоғамның, оның ішінде отбасы, академиялық орта, құқық қорғау органдары, ҮЕҰ, БАҚ және басқа да мүдделі тараптардың өзара әрекеттерін күшейту үлкен маңызға ие.