31 мамыр Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні

31 мамырда Қазақстан Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күнін атап өтеді.

Осы күн аясында Павлодар облысы бойынша 1 мамырдан бастап «Темекі – даму үшін қауіпті» тақырыбында айлық өтуде.

Ақпараттық-түсіндірме науқанының, оған қатысушылардың  бірі салауатты өмір салтын қолдау орталығы, негізгі мақсаты- темекі бұйымдарын тұтынудың түрлі аурулардың, соның ішінде жүрек-қантамырлары, онкологиялық,  созылмалы обструктивті өкпе арулары және диабеттің дамуына өзара  байланысын атап өту, сондай-ақ адамдардың темекі бұйымдарын ешқашан тұтынбауға немесе осы әдеттен бас тартуға міндет қабылдау арқылы темекісіз тұрақты әлемді құру әрекетіне халықты жұмылдыру.

Жыл сайын темекіні тұтынудың нәтижесінде 6 миллонға жуық адам қаза табады, егер күш жұмылдырылмаса, болжамға сәйкес 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш жылына 8 миллион адамнан асады. Темекіні тұтыну кез келген адамның жынысына, жасына, нәсіліне, мәдениеті немесе біліміне қарамай қауіп тудырады.

Халықаралық агенттіктің обырды зерттеу жөніндегі қорытындысы бойынша темекі шегумен өкпе обырының пайда болуының 70-95% дерегі байланысты, ал шылымқорлар арасында оның даму қаупі орта есеппен темекі шекпейтіндерге қарағанда 10 есе жоғары. Әлемде темекі шегу еркектер арасында өлім-жітімнің 12%-ның және әйелдер арасында 6%-ның себебі болып табылады.   Темекі шегудегі ахуалды дұрыс  жаққа өзгертіп, әлемді темекінің зиянды әсерінен арылту үшін белгілі бір күнді тосу міндетті емес.

Әр адам ешқашан темекі бұйымдарын тұтынбауды міндетіне ала отырып, темекісіз тұрақты әлемді құруға өз үлесін қоса алады.

Ал темекіні тұтынатындар осы әдеттеріне бас тарта немесе тиісті көмекке жүгіне алады, ол да олардың денсаулықтарын сақтап, пассивті шылым шегуге ұшырайтын адамдарды, соның ішінде балалар, басқа отбасы мүшелері мен достарының денсаулықтарын сақтайды.

Темекіге жұмсалмаған ақша, өз кезегінде басқа маңызды қажеттіліктерге, соның ішінде дұрыс тамақтану үшін азық-түлік сатып алуға, дене белсенділігімен айналысуға және басқа денсаулық сақтайтын технологияларға жұмсалуы мүмкін.