2017 жылғы 28 шілде — Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күні

28 шілдеде республика өңірлерінде Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күні өткізіледі.

Бүгінгі таңда вирустық гепатит халықаралық деңгейдегі салыстыруға келетін басқа АИТВ, туберкулез және безгек секілді инфекциялық аурулармен қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай қауіп тудырады. Әлемде шамамен 240 миллион адам В гепатитінің вирусымен, ал 130-150 миллион адам С гепатитінің вирусымен созылмалы ауырады. Инъекциялық есірткілерді қолданумен байланысты С гепатитінің індеті барлық өңірлерде байқалады; анықтамаларға сәйкес инъекциялық есірткілерді тұтынатын тұлғалардың шамамен 67%-ы С вирустық гепатитін жұқтырған.

А және Е вирустық гепатиттерімен күресудің негізі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту мен азық-түлік пен судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді факторлар болып табылады.

В және С вирустық гепатиттерінің жұғуының алдын алу үшін жеке тазалық ережелерін ұстану, оның ішінде тек жеке бастың гигиена құралдарын (қырынуға арналған білдек, қайшы, манюкирге арналған жиынтықтарды) қолдану ережесін, қауіпсіз жыныстық байланысты сақтау, медицина қызметкері тарабынан құрал-жабдықтардың залаласыздандырылуы мен қолданылуын қатаң бақылау, сондай-ақ В гепатитінің алдын алудың ең тиімді шарасы ретінде уақытында вакцинациялау қажет.

Сонымен қатар, гепатиттің алдын алу шаралары басқа облыстардағы халықтың денсаулық көрсеткішін жақсартуға, оның ішінде АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың және қан арқылы жұғатын басқа инфекциялардың алдын алуға ықпал етеді.

Гепатитпен күресте аурудың алдын алуды күшейту, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлық обыр түріндегі асқынулардан болатын өлім-жітімді төмендету, барлық қоғамды тарту, оның ішінде В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейту, ауруды ерте диагностикалау мен емдеу мақсатында вирустардың жұғу жолдары туралы халықты ақпаратттандырудың рөлі зор.

Осы тақыпқа қатысты проблема мәселерін шешу үшін қоғамның бірлескен күш жігері қажет, соның ішінде В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейту, ауруды ерте диагностикалау мен емдеу және әрине салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өзінің және өзінің балаларының денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілікті қалыптастыру.