14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

14 қарашада Қазақстанда Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні атап өтіледі.

Павлодар облысында қоғамның назарын диабет және оның асқынуларынан туындаған проблемалаларға, қант диабетін ерте анықтаудың өзектілігіне, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мінез құлық қауіп қатер факторларын (тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту, күйзелісті меңгере білу) алдын алу мәселелерінің, спортпен шұғылданудың маңыздылығына аударуға бағытталған кең ауымды ақпараттық-түсіндірме науқаны өріс алады.

ДДҰ эксперттерінің анықтамасы бойынша «қан диабеті-бәр жастың және халықтың проблемасы», себебі оның кең ауқымды географиялық таралуына, сырқаттанушылығының ерекше өсуіне, жұмысқа қабілетті жастағы халықтың ерте мүгедікке ұшыруына және асқынуынан болатын өлім жітімнің жиі кездесуіне байланысты.

Қант диабеті Қазақстанда мемлекет тарапынан жүйелі шешім мен шара қабылданатын әлеуметтік маңызы бар аурулар дәрежесіне енді.

Статистикалық мәлімет бойынша 2016 жылы 100 мың адамға шаққанда қан диабетімен шалдыққандар саны 200,4 болса, 2015 жылы — 172,7 болды.

Қандағы қанттың деңгейінің жоғары болуы көздің көрмей қалуына, инфаркттің, инсульттің, белсіздіктің, бұйрек қызметінің жетіспеушілігінің пайда болуына әсер етеді немесе аяқтан айырылып қалуына әкеліп соғады.

Мысалы, диабетпен ауыратындардың аяғын алып тастау көрсеткіші 10-20 есе артық болады. Өкінішке орай, диабет ауыруын жиі асқынған жағдайда анықтайды, сол себепті оны емдеу қиынға түседі.

Скринг диабеттің белгілері барлардың үштен бірінен диабет ауруын ерте анықтауға көмектеседі. Көп жағдайда диабет ауруын алдын алуға болады.

Қазақстандағы диабетологиялық көмектің басымды бағыттарының бірі ауруларды басқару бағдарламасын енгізу.

Диабеттің асқынуын болдырмау үшін ем-дом қолданып, оны бақылауда ұстап, әсер етуге барлық мүмкіндік бар.

Диагностикалық мүмкіндіктердің қолжетімділігінің кеңейюі, дұрыс әдеттерге оқыту және қолжетімді ем алу осы ауруға қарсы тұратын маңызды шаралардың элементтері болып саналады.

Өмір салтын өгертуге бағытталған қарапайым шаралар, дене салмағын тиісті деңгейде ұстап тұру, тұрақты дене жүктемесі және салаутты тамақтану рационы 2 типтегі диабеттің тиімді түрде алдын алуға немесе аурудың ауру мерзімін ұзартып, ұзақ та, сапалы өмір сүруіне мүмкіндік беретіні дәлелденген.

Осы туралы толық әңгіме 24 қарашада «Ертіс» телеарнасының «Денсаулык жолы» хабарында айтылатын болады. Хабарға облыстың жетекші эндокринолог дәрігерлері қатысып, олар қант диабеті ауруының диагностикасы, емі және алдын алу жолдары туралы айтып, ауруға байланысты өздерінің кеңестерін береді.