2017 жылғы 13 — 22 қарашада – Халықаралық шылым шегушіліктен бас тарту күніне орайлыстырылған онкүндік

Қарашаның 13-22 аралығында республика өңірлерінде Халықаралық шылым шегушіліктен бас тарту күніне (2017 жылғы 19 қараша) орайлыстырылған онкүндік өткізіледі.

Шылым шегушілік Европа өңіріне кіретін 900 млн. халқы бар, оның 252 млн (28%) шылым шегетін 53 мемлекттің қоғам денсаулығының өзекті проблемасы болуда.

ДДҰ дерегі бойынша шылым шегудің салдарынан жыл сайын 7 миллиоға жуық адам көз жұмады және 2030 жылға таман темекі шегудің салдарынан өлім жітім 8 миллионнан асып кетуі мүмкін.

Өлім жітімнің негізгі себебі, өмір сапасына ауыр соққы болушы, өмір ұзақтығын елеулі қысқартатын, созылмалы аурулар болуда. Оларға жүрек-қан айналымы аурулары, бронхының созылмалы қабынуы, эмфизема, демікпе және түрлі онкологиялық аурулар, соның ішінде өкпе обыры жатады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалалар Ұлттық орталығының деректері бойынша Қазақстанда 2015 жылы шылым шегушіліктің таралымы 18,3% (ерлер арасында- 28,5%, әйелдер арасында 8,5%) болды. Жастар арасындағы ғаламторлық сауалнама бойынша көрсеткіш 3,2% асты, соның ішінде 3,9% ер балалар, 2,3% қыздар арасында болды.

Халықаралық Конвенцияда жазылған іс қимылдарға адамдарды темекі түтінінен қорғау, жарнамаға тосқауыл қою, кәмілет жасын жетпегендерге темекі сатпау, темекі қораптарына темекінің ағзаға зияны туралы ескертулерді жазуды талап ету, темекі тұтынуды азайтуға ықпал ету, темекіге салықты көтеру және темекі шегушілікке қарсы күресті үйлестіру бойынша ұлттық механизмдерді құру енгенін айта кеткен жөн.

Ақпараттық түсіндірме науқанын жүргізу мерзімінде мінез құлық қауіп қатер факторлары, бронхы демікпесі, артериялық қан қысымы, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті денсаулық мектептерінің жұмыстары жандана түседі. Денсаулық мектептерінде шылым шегуден бас тартудың маңыздылығы және шылым шегушінің ауруының асқыну қаупін болдырмауда шылым шегушіліктің алдын алу мәселелеріне баса назар аударылатын болады.

Емханаларда топтай және жекелей кеңес бере отырып, темекі шегуден бас тарту әдеттерін қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылады, шылым шегуден бас тартуға ынталанған адамдарға кеңес беруге медицина және әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың баруы мүмкін.

Әрбір адам ешқашан темекіні тұтынбайтыны туралы міндетті қабылдай отырып, темекісіз тұрақты әлем құруға өз үлесін қоса алады.