Дүниежүзілік артериялық қан қысымымен күресу күні 12 мамырда аталып өтеді

2006 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 12 мамырда артериялық қан қысымымен күресу күні аталып  өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметі бойынша дүние жүзінде әрбір алтыншы адамда  жоғары артериалық қан қысымы байқалады. Жоғары артериалық қан қысымы  біріншіден, миокард инфаркты және ишемиялық инсульттың дамуының ең маңызды қауіп қатер факторы болып табылады, екіншіден,  ол- тамырлы  деменцияға әкелуі мүмкін.

Мамандар жоғары артериалық қан қысымынан туындайтын  барлық проблемаларды болдырмау үшін адам өзінің қан қысымын ұдайы бақылауда ұстау керектігін айтады.

Салауатты өмір салтын ұстану (тұзды тағамдарды  тұтынуды тежеу, темекі шегушіліктен  және  ішімдікті тұтынудан бас тарту, дененің артық салмағынан айырылу, тұрақты түрде  жаттығу жасау, күйзеліспен күресу) жоғары қан қысымының алдын алудың және қан қысымының төмендеуіне әкелетін  нәтижелі тәсіл.

Осы қарапайым ережелерді ұсатнған жағдайда жоғары қан қысымынан сақтанып, өмір сапасын жоғарлату мүмкін болады.