Мен темекіні қақтым!

Павлодар қаласының қалалық мәдени және демалыс саябағында салауатты өмір салтын қолдау қолдау орталығының дәрігерлері «Темекіні қақ» тренингін өткізді. Бұл іс-шараға демалушы жасөспірімдер және ересектер, облыстық » ЭХСПО — 2017″ би мүшәйрасына қатысушы бір топ оқушылар жұмылдырылды.

Балалар темекінің зияны туралы ақпараттарды тыңдап қана қоймай, адам өкпесінің муляжін қызыға қарап, «Мен ешқашанда темекі тартпаймын! Қолыма темекі алмаймын» Мен темекіні қақтым!» деген сөздерді айта отырып, темекінің ағаштан жасалған макетіне аса бір қызығушылықпен шегелерді қақты.

Науқанға қатысушылардың бәрі, соның ішінде тәрбиешілер, мұғалімдер және жетекшілер жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша пайдалы ақпараттар бар парақшалар, буклеттер алды.