Репродуктивті денсаулық туралы біз не білеміз?

Павлодар облысында өткен ақпараттық-түсіндірме науқанының  негізгі мақсаты-жастардың  және олардың ата-аналарының репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлау мәселері бойынша білімділік деңгейін көтеру.

«Vita» қоғамдық қорының мамандары бір айдың ішінде оқушылар арасында адами-жыныстық тәрбие  мәселелері, арнайы орта білім беру оқу орындары оқушылары арасында отбасын жоспарлау  мәселелері бойынша дәрістер оқыды.

«Vita» қоғамдық қоры Павлодар қаласының емханаларында есепте тұратын жүкті әйелдер арасында  ықыласты, салауатты, бақытты ана болуды насихаттау үшін «Ең сүйкімді және салауатты болашақ ана» атты мүшәйра өткізді.

«Ең сүйкімді және салауатты болашақ ана» номинациясы бойынша  Павлодар қ. №2 емхананың әйелдер консультациясының қаралуында тұратын

Айтолқын Каиржанова жеңімпаз атанды.

Барлық мүшәйраға қатысушылар  өздерінің қамқоршыл және ілтипатты ана болуға дайын екенін, жүкті және босанған  әйелдердің тамақтануы мәселері бойынша білімділіктерін  көрсетті.

Мүшәйраның қортындысы бойынша мүшәйраға қатысушылардың барлығы  батылдылығы, хабардарлығы үшін сый-сияпат, ұмтылмастай  әсер және позитивті жүріс -тұрыс алды.

Өз денсаулығын сақтау мен нығайту жас кезден отбасында қалыптасатыны белгілі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар да назардан тыс қалмады. Павлодар қаласынан Прохоров отбасы № 35 бала бақшада  тартысты  өткен «Әке, ана, мен — салауатты отбасы» атты  спорттық сайыста жеңімпаз атанды.