Біз денсаулық және салауатты өмір салты туралы не білеміз?

Павлодар қ. салауатты өмір салтын қолдау орталығы Павлодар қ. жалпы орта білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында «Мен денсаулық және салауатты өмір салты туралы не білемін?» атты үздік шығарма сайысын өткізді.  Балалардың  тамақтану, дене белсенділігі, күн тәртібі, зиянды әдеттерден бас тарту ережелері бойынша мәселерге қатысты өздерінің шығармашылық  қабілеттілігін және білімдерін көрсетіп, сайысқа белсенді қатысқанын  атап өткен жөн. Сайысқа қатысушылардың  тақырыпты толық ашуы, жүлелігі және тақырыпты жеткізудегі  бірегейлілігі есепке алынды.

Шағармаларда  денсаулықты  қалай нығайтуға болатыны туралы мысалдар, кеңестер және ұсыныстар болды.

Құрамында денсаулық сақтау және  білім беру басқармаларының, салауатты өмір салтын қолдау орталығының өкілдері бар қазылар алқасы  шығармада денсаулықты құрайтын аспектілерді қалыптан тыс, сауатты, дұрыс  түсінушілікте жеткізгендерін  атап өтті.

Облыстың медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын үйлестірушілеріне арналған  семинарда ең үздік үш шығарма авторларына дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Олар Павлодар қ. ЖОББМ оқушылары: Валерия Безкаравайная №43 мектеп, Дәрия Амангельды №20 мектеп-лицейі және Аружан Базилова №18 мектеп.

Сол күндері салауатты өмір салтын қолдау орталығының  мамандары облыс колледждерінің оқушылары арасында  «Мен екпеден қорқпаймын, керек болса екпе аламын!» атты тақырыпта ең үздік насихаттық плакат сайысын өткізді.  Бұл сайыста балалар  көркемдік шағармашылық арқылы  екпенің денсаулыққа аса маңызды екеніне сендіру қажет болды. Сайысқа оқушылардың бірігіп  жасаған шығармалары да қатысты.

Алғашқы үш орынға ие болғандар: 1 орын —  Павлодардың мемлекеттік технология колледжінің студенттері Снежана Шайкова және  и Яна Веремьевада. 2 орын — Павлодардың сервис және тамақтану колледжінің  студенті Камила Салыковада  болды. 3 орын — Качирдің аграрлық-техникалық колледжінің студенті Махаббат Заковряжинаға тиесілі болды.

Семинардың соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтамалар және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды,  оларға салауатты өмір салты ережелерін ұстанып,  дендері сау болып, құрбыларына  лайықты үлгі көрсететіне тілектестік білдірді.