Таза су-денсаулық кепілі

Жақында Павлодар облысында «Таза су» айлығы өтті. Бірақ та халықтың табиғатты қорғау, адамның тағамдарында қолданатын судың тазалығын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық сауаттылығын көтеру мақсатындағы іс-шаралар жалғасуда.

№2 оқу-өндірістік кешенінде Павлодар қ. орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары «Денсаулық сағатына» жиналды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ. Сәкенов адам өмірінде таза ас суының ерекше маңыздылығы, ластанған су арқылы жұғатын аурулардың алдын алу туралы айтып берді.

Сапасыз су арқылы жұқтырылған аурулар денсаулықты нашарлатып қана қоймай, мүгедектікке және өлім жітімге әкелуі мүмкін.

Мысалы су көздері ластанған жағдайда адамға мына сияқты аурулар: іш сүзегі, дизентерия, оба, анкилостомоз, сондай-ақ жұқпалы сары ауру, тулеремия, су сүсегі, сарып, плиомиелит жұғуы мүмкін.

Кейде су адамға жануар паразиттерін-ішекқұрттарды жұқтыратын көзге айналады. Су арқылы бауырды және ащы ішекті зақымдайтын лямблия жұғады.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері оқушыларды біздің өміріміздің сапасын жақсартуға тікелей байланысы бар табиғаттың байлығын: оның тазалығын, су ресурстарын, қоршаған ортаны, табиғи су көздерін сақтап, ұқыпты қарап, ластамай, өркендетуге шақырды.