С.Торайгыров атындағы кітапханада денсаулық сағаты

С.Торайгыров атындағы облыстық кітапханада «Салауатты өмір салты» клубының кезекті отырысы болды.

Кездесудің әрдайым қатысушылары-егде адамдар, салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ.Сәкеновпен бірге бірнеше мәселерді: сүт безі обырын және қант диабетін алдын алу, ұзақ ғұмыр сүрудің дәлелдеусіз қабылданған негізгі пікірлерін-салауатты өмір салтының негізгі аспектілерін-дұрыс тамақтану және ағзадағы су тепе теңдігін қадағалау, дене белсенділігінің рөлі және дұрыс демалу талқылады.

Көптеген елдердің денсаулық саласының ең өзекті мәселесінің бірі-қант диабетін алдын алу. Қ.Сәкенов дәрігер диабетпен ауырғанда ағзадағы глюкоза түрлі себептерден толық бөшектенбейді де, содан қандағы қанттың деңгейі көтеріледі деп жан –жақты түсіндірді.

Диабет ауруы тікелей тамақтануға байланысты, себебі глюкоза адам ағзасына ұдайы түрлі тағамдармен түсіп тұрады. Ағзадағы су тепе теңдігін қалпына келтіру туралы барлық жерлерде: журналдарда, ақылды телеарналарда айтуда, бірақ адамдар әлі де кәдімгі қайнатылмаған суды аз ішеді.

Клуб отырысына қатысушыларды диабет болғанда суды тұтыну неге соншалықты маңызды екені қызықтырды.

Оның себебі ағзада су мөлшері азайған жағдайда ұйқы безінің инсулинді шығару ресурсы төмендеп, ағзадағы бар су ағзаның су тепе теңдігін сақтауға жұмсалатынын айтты.

Сондықтан осы жағдайда сау адамның өзінде де қандағы қанттың мөлшері өсіп кетуі мүмкін.

Суды керекті мөлшерде тұтынудың ең негізгі дәлелі, ағзада су жеткілікті мөлшерде болған жағдайда ғана глюкоза толық бөлшектенеді.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері клуб тыңдармандарына ас мәзірін құрастырғанда нан өлшемін (бұл қолданыста болатын тағамдар құрамындағы көміртегі өлшемі) есептеуді үйретті, сондай-ақ «Қант дибетімен ауырутындардың дене белсенділігі» атты тренинг жүргізді.

Қарапайым жаттығу, орташа деңгейдегі дене белсенділігі жүктемесі қант диабетін және тағы басқа аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.