Саяжайдағы жарақаттың алдын алуда дене жаттығуларының маңызы

Торайғыров атындағы облыстық кітапханада салауатты өмір салты клубының мүшелерінің кезекті отырысы өтті.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ. Сәкенов саяжайда жұмыс істегенде денсаулыққа зиян келтірмей жұмыс күшін қалай бөле білу керектігін айтты.

Сабақ  тек теориялық тұрғыда ғана емес, іс жүзінде арқаға күш түсірмей жүктердіқалай көтеру керектігін көрсетіп, оны түсіндірді, сонымен қатар іштің  және арқаның бұлшық еттерін  қалай қатайтуға болатынын көрсетіп, түсіндірді.

Клуб мүшелері негізінен зейнеткер,олар дәрігер ұсынған кешенді жаттығуларға қызықушылық танытып, кейбіреулері басқа клуб мүшелеріне  өздері жасайтын, білетін жаттығуларын көрсетті.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері тыңдармандардың назарын саяжайда жұмыс жасар алдында аз уақыт денені қыздыру мақсатында жаттығу жасау керектігіне аударды.

Ол жаттығулар алдағы болатын белсенді жүктемелерде кейде орын алатын жарақаттардың алдын алу болып табылады.

Саяжайда ыстық күнде, науқастанып тұрғанда жұмыс істемеу керектігін, ал жұмыс істеген жағдайда  күн, ыстық тимеу үшін әрдайым бас киім киіп,  жиі су ішіп отыру қажеттігін ескертті.