2017 жылғы Денсаулық фестивалі Девизі: «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!»

Павлодарда 9 қыркүйекте Орталық жағалауда жылсайынғы «Денсаулық фестивалі» өтеді. Биылғы Фестиваль Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орйластырылған.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамның, қалың жұрттың назарын «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» девизімен салауатты өмір салтын ұстануына назар аудару. Денсаулық фестиваліне қатысуға облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтары жас мөлшеріне қарамай, оқушылар мен студенттер, белсенді өмірлік ұстанымы бар ардагерлер, зейнеткерлер шақырылады.

Әрбір ниет білдіруші өзін спорттық сайыстар және денсаулығын нығайтуда шығармашылық жол табу арқылы көрсетіп, позитивті көңіл –күй ала алады.

Таңертеңгі сағат 10.00 екі орыннан Естай атындағы ҚМС және өзен бектінен «Жаяу жүру зиян емес, жаяу жүрмеу зиян» девизімен «Жаяу жүру марафоны» басталады. Марафонға қатысушылар Ленин көшесінің бойымен Орталық жағаға дейін жүреді.

Сағат 11.00 Денсаулық фестивалінің салтанатты ашылуы басталады. Белсенді өмірлік ұстанымдары бар қала тұрғындары мен қала қонақтарын Павлодар облысы әкімінің орынбасары М. Бегентаев құттықтайды.

Денсаулық фестивалінің бағдарламасында «Менің денім сау болса, елімнің дені сау» девизімен көрністі флешмоб жоспарланған, спорт мектептері мен клубтарының, фитнес орталықтарының көрсетілімдері, қол өнер бұйымдары, құстар мен жануарлар көрмесі өтеді. Спорт ойындарының жанкүйерлеріне спорт мектептері мамандарының ұйымдастырумен «Салауатты рух» атты сайысы көрсетілмекші, сонымен қатар «Силач» сайысында гір көтерушілермен кездесу және армрестлинг болады.

Павлодарлықтар мен қала қонақтары Денсаулық фестивалінің бағдарламасы туралы фото түсіріп, оны «Біз слауатты өмір салтын ұстанамыз» хэштегімен әлеуметтік желілерге сала алады. Фестивальге қатысущыларды түрлі түсті шарларды аспанға жіберу және Павлодар қаласының шығармашылық топтарының көрсетілмдері қуантары сөзсіз

Сағат 13.00-ке дейін денсаулық қалашықтары: «Денсаулык»-медицина қалашығында медицина қызметкерлері дене салмағы индексін анықтайды, темекі шегушіліктің алдын алу бойынша «Темекіні соқ» тренингісін өткізеді және негізгі салауатты өмір салты аспектілері бойынша парақшалар мен буклеттер таратады. Сонымен қатар «Батыр» қалашығы жұмыс істейді. Онда дене шынықтыру диспансерінің медицина қызметкерлері кеңес беріп, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, саусақтардың, бел күшін өлшейді.

«Денсаулық фестивалі» ешкімді бей-жай қалтырмайды: әрбір ниет білдіруші өзінің көңіліне және әл қуатына сай ермек табатыны сөзсіз.

Іс-шараға қатыса, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз білдіріп, салауатты өмір салтын ұстанатындарға қолдау көрсетіп, жағымды көңіл-күймен қуаттануға

шақырамыз!