«Денсаулық фестивалі» 2017 жылы «Біздің денсаулығымыз өзіміздің қолымызда!» девизімен өтеді

Жеткіліксіз дене белсенділігі әлемдегі өлім-жітімнің басты факторларының бірі болып табылады және оның деңгейі барлық елдерде өсіп, жұпалы емес аурулардың (әрі қарай-ЖЕА) ауыртпашылығын арттырып, әлем бойынша жалпы денсаулыққа әсер етуде. Дене белсенділігі жеткіліксіз адамдарда дене белсенділігіне жеткілікті уақыт бөлетіндермен салыстырғанда өлім-жітім қаупі 20%-30%-ға жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жеткіліксіздігі инсульт, қант диабеті және обыр секілді жұқпалы емес аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Көптеген елдерде адамдардың дене белсенділігімен айналысуы күннен-күнге азайып барады.

Әлемде мектепке баратын ересектердің 23%-ы және жасөсіпірімдердің 81%-ы дене белсенділігінің жеткіліксіздігін көруде.

Барлық денсаулық сақтау ұауымының міндеті белсенді өмір салтын төмен деңгейден жоғары деңгейге дейін көтеруге ақпараттандыру мен жігерлендіру деңгейін көтеру үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмысын күшейту.

2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіннің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық фестивалі — 2017» өткізіледі.

Денсаулық фестиваліне қатысуға облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтары жас мөлшеріне қарамай, оқушылар мен студенттер, белсенді өмірлік ұстанымы бар ардагерлер, зейнеткерлер шақырылады.

Әрбір ниет білдіруші өзін спорттық сайыстар және денсаулығын нығайтуда шығармашылық жол табу арқылы көрсетіп, позитивті көңіл –күй ала алады.

«Жаяу жүру марафоны», «Менің денім сау болса-елім сау» девизімен флешмоб, Павлодар қаласының Орталық жағалауында түрлі түсті шарларды ұшыру ұйымдастырылады. Сонан соң «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» шара өтеді, онда кез келген ниет білдіруші Денсаулық фестивалі бағдарламасы туралы фото түсіріп, оны «Біз слауатты өмір салтын ұстанамыз» хэштегімен әлеуметтік желілерге сала алады.

Ең физикалық белсенді спорттың түр-түріне әуесқойлар және спортшылар үшін «Салауатты рух» атты сайысы ұйымдастырылады.

Әрбір ниет білдіруші өзінің көңіліне және әл қуатына сай ермек таба алады.