Фестиваль здоровья 2017 года «2017 жылғы Денсаулық фестивалі «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!»»

Павлодарда 9 қыркүйекте Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған жыл сайынғы Денсаулық фестивалі өтті.

«Біздіңденсаулығымыз өз қолымызда!» аұранымен өткен денсаулық фестиваліне 5 мыңға жуык облыс орталығының тұрғындары және қонақтары қатысты, соның ішінде Павлодардың білім беру ұйымдарының 2 мыңға жуық оқушылар мен студенттер, алты жүзден астам медицина қызметкерлері, өмірлік белсенді ұстанымы бар еңбек ардагерлері және зейнеткерлер, сонымен қатар спортшылар болды.

Әрбір денсаулық фестиваліне қатысушы ниет білдірушілер өздерін спорттық сайыстар және денсаулықты нығайтуда шығармашылық көз қарас арқылы көрсете білді.

Сағат 9-да Естай атындағы ҚМС бір мезетте Халықаралық «Экспо — 2017» көрмесіне арналған, облыс әкімінің қатысуымен ашық дуатлон чемпионаты және «Жаяу жүру зиян емес, жаяу жүрмеу зиян» девизімен «Жаяу марафон» басталды.

Марафонға қатысушылар Ленин көшесінің бойымен Өзен бекетіне дейін 4 шақырым аралықты жүріп өтті, дуатлонға қатысушылар әрі қарай жүгіріп, сонан соң велосипедпен Әуежайға дейін барып, қайтып 10 шақырымдай жол жүріп, мәре сызығын Өзен бекетінде үзді.

Қаланың шығармашылық топтары өздерінің мерекелік бағдарламасымен салауатты өмір салты бесенділерін қарсы алып, тамаша көңіл-күй сыйлады

«Менің денім сау болса-елімде сау» девизімен ойнақы, көңілді флешмобқа жас та үлкенде белсенді қатысты.

Сонымен қатар «Денсаулык» медицина қалашығы кең қанатын жайып, медицина қызметкерлері ниет білдірген мерекеге қатысушылардың салмағын, бойын өлшеп, салмақ индексін анықтады, қосымша өкпенің өмірлік сыйымдылығын, саусақтардың және бел күшін өлшеді, салаутты өмір салтының негіздері туралы кеңес беріп, буклеттер таратты.

Темекі шегушіліктің алдын алу бойынша өткізілген «Темекіні қақ» тренингісі кезінде жастар темекі тартпаймын деген ниетпен темекі муляжіне аса бір құлшыныспен шеге қақты. «Денсаулык» медицина қалашығында 500-ден аса адам кеңес алып, 100 тарата жастар «Темекіні қақ» тренингісіне қатысты.

10 қыркүйекте аталып өткен Ұлттық отбасы күні алдында некеге тұрған жас отбасын молшылық және аман саулықты білдіруші ретінде нан тұзбен қарсы алды.

Денсаулық фестивліне қатысқан әрбір ниет білдірген адам әлеуметтік желілірге суреттерін салу үшін #Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз# хэштегімен ескерткішке суретке түсті. Осындай шарамен олар өздерінің белсенді өмірлік ұстанымдарын көрсетіп, салаутты өмір салтын ұстанушыларды қолдап, тамаша көңіл күймен қуаттанды.