Туберкулез -қауіпті жұқпалы ауру

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша туберкулез өте қауіпті жұқпалы ауру болып саналып, туберкулезден жылына дүниежүзі бойынша 1,8 миллион адам көз жұмады.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Г.Сақанова Павлодардың көлік және коммуникация колледжі студенттеріне туберкулездің пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдарын айтып берді. Туберкулез туберкулезбен ауырған адамнан ауа тамшылары арқылы туберкулез таяқшасының (Кох бацилласы) сау адамға түсуінен пайда болады.

Дәрігері Г.Сақанова ең бастысы адам жеке бас гигиенасына назар аудару қажеттілігін, қолды тазалап жуу, бөлмелерді желдендіру, қоғамдық орындарда медициналық маскамен журу, жөтелу этикетін сақтаудың, сонымен қатар иммунды жүйені нығайту, дұрыс тамақтану, шынығудың маңыздылығын атап өтті.

Оқушы жастарды туберкулездің жұғу деңгейінің өте жоғары екендігі алаңдатты, туберкулез қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар ауру болудан қалды, себебі туберкулезді қазір кез келген адам жұқтырып алуы мүмкін. Туберкулез ауруының дамуына күйзеліс, мінез құлық қауіп қатер факторлары, әсіресе шылым шегушілік қатты әсер етеді. Статистикалық деректер бойынша туберкулезге шалдыққадардың 20% астамы темекі шегетіні белгілі. Студенттерге өз денсаулықтарына өздері жаупты болуды қалыптастыру керекті жайлы ақпараттар берілді.