Туберкулезге жол жоқ!

2018 жылғы Ұлттық бағдарламаның ұраны-«Өзіңді туберкулезден қорға!» Павлодар облысында 24 ақпаннан 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күресу күніне орайластырылған іс-шаралар өтуде.

Мамандардың пікірінше туберкулез ауруына қатысты проблемаларды шешудегі алғашқы қадамдар, ол-халықты туберкулездің алдын алудағы жекедаралық және қоғамдық шаралар, туберкулездің ағашқы белгілері, туберкулездің қаупі мен салдары, алдын алу іс-шаралар туралы хабардар ету.

Туберкулез бұрын емделмейтін, аса қауіпті ауру болып есептелді, одан жылына миллиондаған адамдар өлім-жітімге ұшырап отырды.

Қазіргі таңда екпе арқылы туберкулез ауруын алдын алудың және оған қарсы нәтижелі химиялық дәрі -дәрмектердің болуының арқасында туберкулез ауруын бақылауда ұстауға мүмкіндік бар.

Алайда қазір де туберкулезбен ауырған адамдар оның асқынған түрінен қайтыс болады, сондықтан қай жаста болмасын туберкулездің алдын алуға қатысты дәрігерлердің барлық ұсыныстарын бұлжытпай орындау өте маңызды.

Балалар арасында туберкулездің алдын алу шаралары оларда туберкулезді болдырмай, оның дамуына жол бермеуге бағытталған.

Балаларда туберкулездің алдын алу шаралардың ең негізгісі туберкулезге қарсы екпе (БЦЖ) және алдын ала химиялық (дәрімен) емдеу.

Ересектерге Манту пробасы тек дәрігердің ұсынысы бойынша салынады.

Еске сала кетейік Манту пробасы зиянсыз. Манту пробасының құрамындағы туберкулинде тірі микроағза (микроорганизм) жоқ, туберкулинді қолданатын өлшемде ол бүкіл ағзаға және ағзаның иммунды жүйесіне әсер етпейді.

Жастайынан адам гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындап отыру қажет, ас ішердің алдында, қолдар ластанғанда оны жуу, сонымен қатар бетті, құлақты жуу, тістерді тазалаау, ауызды шаю, қол орамалын пайдалану, әжетхана құралдарын мұқият қолдану және әжетханада болғаннан кейін міндетті түрде қолды жууды ұмытпау және т.б.

Сонымен қатар дене шынықтырумен, шынығумен айналысу, іспен шұғылдану мен демалыыс ережелерін сақтау, күніне 2 сағатқа жуық таза ауада дем алу, уйде, түзде тазалықты сақтау.

Иммунды жүйенің дұрыс қалыптасуына дұрыс тамақтану зор рөл атқарады.. Тағамның құрамында ағзаға қажет заттардың бәрі: ақуыз, көмірсулар, майлар, дәрумендер және минералды заттардың болуы қажет.

Туберкулездің алдын алудағы ең басты жағдайлар: олар- қолжетімді және расталған ақпарат, әркімнің өзінің денсаулығына жауапты қарау, міндетті түрде аурудың алдын алу тексерістерінен және флюрографиядан өту