Темекі дамуға қауіпті

Павлодар қаласының Кәсіпкерлер Ұлттық палатасында Салауатты өмір салтын қолдау орталығының  бастауымен «Темекі дамуға қауіпті» атты өтті.

Шараға қатысуға халықпен тікелей жұмыс жасайтын емхана дәрігерлері шақырылды.

Терапевт дәрігер Кәсіпкерлер Ұлттық палатасына келушілер мен мекеме қызметкерлеріне  психикалық белсенді заттардың, соның ішінде темекінің,  ағзаға  тигізетін негізгі келеңзіз тұстары туралы айтты.

Лаборант маман қанның құрамындағы холестериннің деңгейін анықтады, окулист дәрігер көздің көргіштігін  анықтап, никотиннің көздің тамырларына тигізетін келеңсіз әсері туралы айтты.

Шараға қатысушылар дәргерлердің ұсыныстарын, қызықтырған мәселелер бойынша кеңестер, қан қысымдарын өлшетіп, салауатты өмір салтының негізгі аспктілері бар буклеттер және парақшалар  алды, сонымен қатар «Зиянды әдеттерден  бас тарту» атты тренингке қатысты.

Салауатты өмір салтын қолдау өрталығының дәрігері адам қандай мақсат қоюын, оны  қалай орындауын, темекіден бас тартудың қандай тәсілдердің барын түсіндірді.

Осындай шара қалалық жұмыспен қамту орталығында да өтті.