5 — 14 маусым аралығында
жіті ішек жұқпасы бойынша онкүндік

2017 жылдың 5-14 маусымы аралығында Қазақстан өңірлерінде жіті ішек жұқпасының алдын алу жөнінде онкүндік өтуде.
Іс-шаралар қоғамның азық-түлік пен жеке тазалықты сақтауға қатысты адамның өзінің қауіпсіздігінің тиімді жүйесін және денсаулықты нығайту үшін қауіпсіз тамақтанудың маңызды қағидаларын қамтамасыз ету мәселелеріне назарын аудару.
Азық-түліктің ластануы өндірістік-саты тізбегінің кез келген кезеңінде болуы мүмкін, ал қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басты жауапкершілік азық-түлікті өндірушілерге артылады. Дегенмен көп жағдайда тағамдық аурулармен байланысты оқиғалар үйде, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында және базарларда азық-түлікке қарау ережелерін сақтамаудан болады. Тамақ өнер кәсібінің жұмыскерлері мен тұтынушылардың бәрі өз денсаулығы мен толықтай қоғам мүшелерінің денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі, мысалы азық-түліктерді сатып алғанда, сатқанда және дайындағанда негізгі гигиена ережелерін сақтауда өздерінің рөлдерін түсіне бермейді. Әр адам азық-түліктердің қауіпсіздігін қаматамсыз етуге үлестерін қоса алады. Қолдың тазалығы инфекцияның таралуын азайту үшін басты шара болып табылады.
Онкүндік аясында халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Медициналық алғашқы санитарлық көмек мекемелерінде ашық есік күндері өтеді. Денсаулық мектептерінде педиатр, гастроэнтеролог, инфекционист мамандарды жұмылдыру арқылы тақырыпқа сәйкес ЖІЖ алдын алу, ана сүтімен тамақтандырудың маңызы, қауіпсіз тамақтану қағидалары және жеке тазалықты сақтау мәселелерін түсіндіру мақсатында сабақтар өтеді
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері департаменттері өкілдерін және бейінді мамандарды тарту арқылы ЖІЖ-на қарсы сақтандыру шаралары, алғашқы белгілері, ЖІЖ кезіндегі алғашқы көмек, соның ішінде мектеп жанындағы, жаздық және сауықтыру лагерлерінде, балалар үйінде, интернаттар және басқада мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына баулу.
Сонымен қатар емханаға келушілер ЖІЖ болдырмау үшін парақша және буклет түрінде пайдалы да қызықты ақпарат ала алады, стенд пен санитарлық бұрыштарында, санбюллетеньдерде қауіпсіз тамақтану және жеке тазалықты сақтаудың 5 қағидаларын оқи алады.