2017 жылғы 15 мамырдан Қазақстанның барлық өңірлерінде «Сау болған — өте жақсы!» ұранымен спартакиада бастау алды

15 мамырдан Қазақстанда «Сау болған — өте жақсы!» ұранымен Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған медицина қызметкерлерінің спартакиадасы бастау алды.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беруді арттыру, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін, соның ішінде МӘМС-ті енгізу шеңберінде қалыптастыру және халық арасында насихаттау.

Спартакиада шеңберінде волейболдан, мини-футболдан, жеңіл атлетикадан, үстел теннисінен, армреслингтен және Ұлттық спорт түрлері: арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, қыз қуу, көкпар,тоғызқұмалақ бойынша жарыс өткізіледі.

Дене белсенділігі – адамның басты қызметтерінің бірі. Бұл өмір бойғы денсаулықтың маңызды іргетасы. Денсаулық үшін дене белсенділігінің белгілі пайдалы тиімділігіне жүрек-қантамыр ауруы, гипертензия, қант диабеті мен обырдың кейбір түрлерінің қаупін төмендету жатады, сондай-ақ кешенді жүргізген кезде кейбір созылмалы жағдайларға пайдалы. Сонымен қатар, ол психикалық денсаулыққа оң әсер етіп, күйзелісті, алаңдаушылық пен депрессияны төмендетеді. Дене белсенділігі қартайғанда денсаулықты, қозғалыс пен қызметтік тәуелсіздікті сақтауға және ұзақ ғұмыр кешуге оңды ықпал етеді.

Алайда, дене белсенділігінің пайдасының бар екені белгілі балғанымен дене белсенділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру қиындай түсуде, себебі соңғы жылдары біздің күнделікті өміріміз өтіп жатқан сыртқы ортада көп жағдайлар елеулі өзгерістерге ұшырады. Жеткіліксіз дене белсенділігінің себептері біртіндеп күнделікті өмір жағдайы мен жұмыста көп отыруға алып келетін жүйелі және жағдаятты факторлар себеп болуда. Тұратын жер мен жұмыстың, бос уақытты өткізетін оры мен дүкеннің арақашықтығы артқандықтан адамдар көбінесе көлікті қолданып, аз жаяу жүретін және велосипедті аз тебетін болды.

Салауатты өмір салтына назар аудару және спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында спартакиада медицина қызметкерлерінің, медицина қауымдастығының, медицина колледждерінің, жоғарғы оқу орындарының студенттерінің, мұғалімдер құрамының, мүдделі халықтың қатысуларына есептелген. Павлодар облысында спартакиаданы ұйымдастырушылары болуға денсаулық сақтау басқармасы, медицина ұйымдары, салауатты өмір салтын қолдау орталығы, сонымен қатар әкімдіктер, дене шынықтыру және спорт басқармасы, медицина қызметкерлерінің кәсіподақтар комитеті, ҮЕҰ, БАҚ ниет білдірді.