2017 жылғы 1-10 қыркүйегі арасында жол-көлік жарақыын алдын алу бойынша онкүндігі

Қазақстан Республикасында 2017 жылдың 1-10 қыркүйегі арасында  дәстүрлі «Назар аударыңыз, бағдаршам!» ұранымен «Балалардың өмірін сақтайық!» жөнінде жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты халықты, оның ішінде балалар, жасөсіпірімдер, жастарды жол қозғалысы ережесін, әсіресе автокөлікте, велосипедте, мотоциклде және жолдан өткенде сақтау бойынша ақпарат алуды арттыру, жарақаттанудың алдын алу үшін жауапты қауіпсіз мінез-құлықты дағдыландыру.  Ойланып көрсеңіз жол-көлік жарақаты жүректің ишемиялық ауруы мен депрессиялық жағдайдан кейінгі 5-тен 44 жасқа дейінгі жас адамдардың өлім-жітімі бойынша үшінші орынды иеленуде.

Барлық апаттардың 50%-ға жуығы 18 жастан жас жасөспірім жүргізушілер жүргізген, түн ортасына дейінгі 4 сағатта немесе түн ортасынан кейін орын алып, күндізгі уақыттағы көлемнен 5-10 есе көп болады. Жол-көлік оқиғасы мен биіктен құлау категориялары әлемде 14 жасқа дейінгі балалар  арасындағы аурулардың 15 басты себебіне жатады.

Әлемнің барлық үкіметтері бекіткен баланың құқығы туралы тұжырымдама барлық балалардың өмірде қауіпсіз жағдайға және жарақат пен зорлықтан қорғануға құқы бар екенін білдіреді. Тек бір ғана қауіпсіздік белбеуін қолданумен салыстырғанда қосымша отырғыш көпшігін қолдану 4-7 жастағы балалар үшін ЖКО кезінде қауіпті жарақат алу қауіпін 59%-ға азайтады (ДДҰ,2015 жыл).

Өткен жылдан бастап республикада жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізілуде. Сонымен, оқиға орнына травматологиялық көмекті жақындату, жедел көмек көлігінің келу уақытын шектеу және медицина ұйымына зардап шеккен адамды жеткізу мақсатында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты облыстардың Денсаулық сақтау басқармаларымен бірге  орталық аудандық аурухана негізінде ауданаралық травматологиялық бөлімдер ашу бойынша жұмыстарды белсендіріп, 40 медициналық-құтқару орындарын ұйымдастырды.

Республикада жол-көлік жарақатының, оның ішінде балалар, жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарақаттың алдын алу үшін жолдың сапасын жақсарту, жол жүрісі ережелерін сақтау, ішімдіктен бас тарту, уақытында жарақат алған адамды жеткізу, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа шаралар арқылы қоғамдағы барлық мүдделі тараптарды жұмылдыру қажет.