2017 жылғы 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін- жіті респираторлы вирусті, пневмококкті жұқпалар және тұмаудың адлын алу айлығы

2017 жылғы 1 қазаннан 1 желтоқсан аралығында біздің республикамызда жіті респираторлы вирусті, пневмококкті жұқпалар және тұмаудың адлын алу бойынша айлық өтеді.

Кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме науқаны халықтың, әсіресе ауруға қарсы қауіп қатері жоғары адамдардың, соның ішінде ана сүтін еметін, сәби, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар ата-аналардың жұқпалы аурулардың адлын алу және уақтылы екпе алу туралы парақшалар мен буклеттерді тарату арқылы білімділік деңгейін көтеруге бағытталған.

Сондай-ақ иммунды алдын алу мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдар және діни конфессиялармен әрекеттестікте болу жоспарланған.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының бағалауы бойынша вирусты эпидемиялық маусым кезінде дүние жүзі бойынша жылына 250-500 мың адам өлім жітімге ұшырайды, оның көпшілігі 65 және одан жоғарғы жастағы түлғалар. Эмидемия кезінде жұмысты, мектепті босату күндерінің деңгейі өте жоғары болып. еңбек өнімділігі төмендейді. Аурудың және оның асқынуының алдын алудың ең тиімді түрі екпе. Дені сау адамдарды тұмауға қарсы екпе орта мөлшерде қорғай алады. Алайда егде адамдарды тұмауға қарсы екпе тиімсіз деңгейде қорғауы мүмкін, бірақ аурудың ауыр түрі мен өлім жітімін төмендетуі мүмкін.

Екпе дені сау ересек адамдардың тұмаумен ауыршаңдығын 70-90% төмендетуге мүмкіндігі бар, ал егде адамдар арасында аурудың асқынуын 60% өлім жітімді 80% төмендетеді.

Біздің елімізде Ұлттық екпе арқылы аурудың алдын алу кестесі жасалып бекітілген. Осы кесте бойынше 21 жұқпадан қорғануға болады.

Осы ақпараттық-түсіндірме науқаны аралығында Павлодар облысында медицина қызметкерлері арасында сандаған үйретуші семинар-тренингтер, аурудың алдын алу акциялары, дөңгелек үстелдер, диспуттар, екпенің артықшылығы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау туралы кеңес беретін мамандарды жұмылдыру арқылы ашық есік күндерін, тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының балалар және жасөспірімдері арасында ақпараттық-ағарту құралдары-парақшалар және буклеттер таратып, иммунды алдын алудың өзектілігі бойынша дәрістер, шығармалар және мүшәйралар өткізу, иммунды алдын алу және салауатты өмір салты аспектілері бойынша қоғамдық ұйымдар және діни конфессияларды жұмылдыра ақпараттық құралдарды басып шығару, тұратын жерге байланысты емханаларда профилактикалық қаралуды ұйымдастыру жоспарланған.