2017

Қазақстан Республикасының өңірлерінде «Жастар есірткілерге қарсы!» ұранымен 2017 жылдың 26 маусымында Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні және оған ұштастырылған 2017 жылдың 1-маусымы мен 1 шілдесі аралығында нашақорлықтың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

Айлық негізгі мақсаты: психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың салдары туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру; ПБЗ-ға кері көзқарасты және қазақстандық қоғамда есірткілік құралдарды тұтынудың әлеуметтік өрескел бейнесін қалыптастыру.

Ойланып көріңізші: ДДСҰ мәліметі бойынша психологиялық белсенді заттектерді тұтыну жылына 400 000 аса өлім-жітім дерегінің себебі болып табылады!

2014 жылы есірткіні 15-64 жас аралығындағы әр жиырмасыншы ересек адам тұтынған, барлығы миллиардтың төрттен бір бөлігі, яғни Германия, Италия, Біріккен Корольдік пен Франция бәрін бірге алғанда халық санына сәйкес. Соның ішінде, есірткіні тұтынатын 29 млн. аса адам осы түрлі бұзылулардың нәтижесінде зардап шегеді, оның ішіне есірткіні ине арқылы тұтынатын, оның 14 %-ы АИТВ-ға шалдыққан 12 млн. адам кіреді.

Есірткілерді тұтынудың бастапқы алдын алу – өзін-өзі сақтайтын мінез-құлыққа жағдай жасауға және жасөспірімдер мен жастардың ПБЗ тұтыну мүмкіндіктерін жоюға барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде отбасы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ішкі істер салалары, бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері.