«Инсульт, тоқта!»

Салауатты өмір салтын қолдау орталығы 29 қазанда өткізілген Дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес күні аясында «Santo member of Polfarma group» компаниясының өкілдерімен бірлесіп «Инсульт, тоқта!» нуақанын өткізді.

Науқан Павлодар облысы экономика және қаржыны жоспарлау басқармасында өтті. Науқанға облыстық кардиология орталығының кардиолог дәрігері және Павлодар қ. №5 емхананың аурудың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің медбикесі жұмылрылды.

Басқарма қызметкерлерінің қан қысымы өлшеніп, қан құрамындағы холестерин деңгейі анықталды, оларға жүрек-қан айналымы ауруларын алдын алу бойынша кеңестер берілді.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Г.Сақанова «Инсультті қалай білуге болады » атты тренинг өткізіп, инсульттің, семіздіктің және психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданудың алдын алу, салауатты тамақтану және күнделікті дене белсенділігінің деңгейін жоғарлату мәселелері бойынша ұсыныстар берді.