Спорттық қозғалысқа біздің құрметіміз!

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мейрамдарын тойлау қарсаңында салауатты өмір салтын  және дене бесенділігін насихаттау мақсатында Павлодар қаласының №40 бала-бақшада №17, № 93 и № 40 үш бала-бақшаның отбасылық командалардың  арасында  «Спорттық қозғалысқа біздің құрметіміз!» атты спорттық сайыс өтті.

Спортшыларды бағалау үшін қазылар алқасының мүшесі болуға шақырылған  мереке қонағы салауатты өмір салтын қолдау орталағының білім беру бағдарламасының маманы А. Тұрарова балаларына қолдау көрсетіп, сайысқа қатынасқан ата-аналарға құрмет білдіріп, ер балаларға-болашақ Отан қоғаушыларға ізгі тілек сөздер айтты.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды.  Балалар және олардың ата-аналарынан тұратын бала-бақша командасы жылдамдықты, батылдықты, ептілікті көрсете  құмарта сайысты.

Әрине барлық сайысқа қатысушылар мадақтау мен сыйлықтар алды, бірақ бәріне  ең басты марапат оң нәтижелі ұйымшылдықты, достықты білдіретін сезімдер, сергекті қуат, көтеріңкі көңіл күй  болды.