Балалардың өмірін сақтайық!

Осы ұранмен республикамызда 2017 жылдың 1-10 қыркүйегі арасында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» девизімен жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері бойынша жол-көлік оқиғасының (әрі қарай-ЖҚО) нәтижесінде өлім-жітім деректерінің саны (2013 жылы 1,25 миллион) 2007 жылдан бастап өзгеруде. Бұл соңғы жылдары іске асырылып отырған ғаламдық жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бойынша шаралардың адам өмірін сақтауға әкелетінін болжауға мүмкіндік береді.

Алайда 5-18 аралығындағы жастар арасында ЖКО өлім-жітімнің негізгі себебі болуда. Қазақстанда 2014 жылмен салыстырғанда ЖКО-дан зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмағандардың санының 1,5% (1 519/1 542) өсуі байқалады. Сонымен, 17 жасқа дейінгі ЖКО-дан зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың 862-сі (56%) –жаяу жүргінші болса, 605-і (39, 2%)-жолаушы, тек 52-сі (3,4%)–велосипедші, 22-сі (1,4%) — жүргізуші.Сонымен, ай сайын 5 кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргінші қаза тапса, орта есеппен 167-сі зардап шегеді.

Біздің республикамызда жол полициясы қызметкерлермен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақаттың алдын алу бойынша жұмыстар өткізілуде, жол жүру жас инспекторларының «Қауіпсіз жол» слетін өткізу жоспарланған.

Онкүндік өткізу аясында медицина санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында арнайы мамандар: травматолог, хирург, нейрохирург, окулист, психоневрологов және т.б. жұмылдырылған дәстүрлі ашық есік күндері өтеді.

Жол-көлік жарақаттың алдын алу, соның ішінде жол ережесін сақтау мәселелері, алғашқы медициналық көмек бойынша семинарлар, тренингтер өткізу жоспарланған.

Халықтың ақпараттың білімін көтеру үшін жергілікті теле и радио- араналарда

медицина санитарлық алғашқы көмек ұйымдары, ІІД мамандарының жол жүру ережелерін сақтау, елді мекендер ішінде, републикалық жол трассаларында жылдамдық ережелерін сақтау, жасөспірімдер мен жастардың демалатын орындарда, сондай ақ қоғамдық тамақтану орталықтарында, әуежәйларда, көлік-теміржол бекеттерінде мінез құлық қауіпсіздігін сақтау ережелелері туралы сөз сөйлеуі ұйымдастырылады.

Ақпараттық-түсіндірме нуқаны кезінде автокөлікті жүргізуге кедергі жасайтын ағзаның ақымдануын және ауруын ерте анықтау үшін уақтылы аурудын алдын алу бойынша тексерістен өту керектігіне аса назар аударылады.

Осы кездегі іс-шараларға қатысушы әрбір адам жарақаттың алдын алу, соның ішінде, жол ережелерін сақтау, уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, салауатты өмір салты аспекталары туралы (мысалы, ішімдікті, психикалық белсенділікті арттыратын заттарды шектен тыс қолданудың зияны туралы) ақпараттық-ағарту құралдарын ала алады.