Бірлесе жұқпалы ауруларға қарсы

Ведоствоаралық серіктесті каясында салауатты өмір салтын қолдау орталығы Павлодар облысының жалпы орта білім беретін мектептер директорларының  тәрбие жөніндегі орынбасарлары үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында мектептердің оқу процессінде денсаулық қорғау технологияларын қолдану арқылы салауатты өмір салты бойынша жұмысты ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді талқыланды.

ДНЫТМ (денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мектептер) бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін Павлодар қ. № 29  және № 26 мектептердің  жұмыс тәжірибелері қаралды.

Дене белсенділігі жүктемесі мен ойын –сауық сабақтарының дұрыс үйлесімі оқушылардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайтып, оқу процессі және оқушы мен мұғалім арасындағы сенімділікке  оң әсер бергенін баса атап өтті.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандарымен адамгершілік-жыныстық тәрбие, қауіп қатар факторлардың, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша тренингтер мен кеңестерді ұйымдастырудағы  өзара әректтестік атап өтілді

Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім басшысы З.Шадиева вирусты гепатиттің алдын алу туралы баяндады. З.Шадиева баяндамасында Республика бойынша соңғы жылдардағы гепатиттің сырқаттанушылық көрсеткішіне талдау жасады.  Гепатиттің алдын алудағы және емделудегі міндетті шараларға толық тоқталып өтті.

Облыс мектептерінің басшылары мен орынбасарларына  мектеп асханалары мен жеке дара гигиена бөлмелеріне қатысты алдын алу шаралары бойынша нақты ұсыныстар берілді.