Жарақат алу деңгейінің төмендеуі және оның салдары

Сәуір айы бойы Павлодар облысында айлық кезінде  өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты жарақаттың алдын алу, жарақат алу деңгейінің төмендеуі және оның салдары болмақ.

Тұрғындар айлық кезінде медицина ұйымдарында өтетін ашық есік күндері мамандардың кеңестерінен, әлеуметтік желілердегі ақпараттардан, теле-радио-араналарда сөйлеген сөздерден, басылымдардағы мақалалардан  тұрмыстық және жол көлік жарақаттары туралы көптеген қызықтарды естіп, көріп біледі, ерік білдіргендерге ішімдікті, психологиялық белсенді заттектерді (ПБЗ) шамадан тыс тұтынуды төмендету үшін уәждемелік кеңес беру қағидаларын есепке ала отырып, жеке тұлғалық деңгейде мінез-құлықты өзгерту бойынша профилактикалық кеңес беріп, парақшалар, буклеттер таратылады, жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделі, салауатты өмір салты аспектілері және профилактикалық тексерулерден бас тартудың салдары жөнінде бейнероликтер көрсетіледі.

Мамандар денсаулық мектептеріндегі барлық білім беру барысына қатысушыларға өзін-өзі диагностикалау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі түзету, өзін-өзі бақылау әдістерін үйретіп, өзін-өзі бақылау күнделіктерін таратады.

Дені сау бала кабинеттерінде тұрмыстық жарақаттың алдын алу мәселелері (ыстыққа, тоққа, ұялы телефон қуаттағышына күю, биіктен, әткеншектен, терезеден және т.б. құлау), иммунопрофилактика жөнінде (0-5 жастағы) балалардың ата-аналарына арналған семинар өткізіледі. Білім беру ұйымдарында  ішкі істер департаменті және басқада мүдделі  мамандарының қатысуымен  акциялар, семинарлар, дәрістер, тренингтер, ата-аналар жиналысын өтеді.

Адамзаттың назары ертеден жарақат проблемасына бағытталған. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша жарақат, улану және басқа сыртқы себептердің әсерінен болатын өлім-жітім көрсеткіші республикада 2015 жылы 100 мың халыққа шаққанда 2014 жылғы 87,6-ге қарағанда  82,5-ті құрап,  5,8 %-ге төмендеген.

Жарақат, улану және басқа сыртқы себептердің әсерінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 5,8 %-ге төмендеуі мүдделі қызметтердің, қоғамның, ата-аналардың, жүргізушілердің тек бірлескен еңбектерінің  арқасында  халықтың жол-көлік, тұрмыстық жарақаттардың адлын алу мәселелері бойынша білімділігін,  жол-көлік, тұрмыстық жарақат алғанға  алғашқы дәрігералды көмек көрсету бойынша білімі мен дағдысын, жолмен жүретіндердің жолда, үйде  мәдени тәртіп дағдысына жауапкершілігін  арттыру арқылы мүмкін екендігін, соның салдары ретінде жолдарды және  тұрмысыңды  өзің және жақындарың үшін  аса ауіпсіз ет.