Жас жол жүру инспекторының слеті «ЖЖЖИ-2018»

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары қалалық жас жол жүру инспекторының слетіне «ЖЖЖИ-2018» қатысты.

Слет Павлодар қ. № 36 жалпы орта білім беретін эколгиялық бағыттағы профильді мектепте өтті.

Мектептің спорт залында сапқа тұру кезінде бұйырықты анық орындайтындарын, велосипедті түрлі қиын жол оқиғалары кезінде басқара алатындарын, жас білімпаз сайысында тапқырлық пен парасаттықтарын көрсететін Павлодар қ. № 13, 23, 34, 36, 42 және Жетекші орта мектептерінің үздік жас жол жүру инспекторлары (әрі қарай- ЖЖЖИ) отрядтары жиналды.

ЖЖЖИ отрядтары жол ережесін білудегі білімін көрсету мақсатында «Жас жол жүрісін реттеуші» сайысына, шапшаңдығын, білімін және іс-қыймылдарындағы келістілікті көрсететін «Жас санитар» сайысына қатысты.

Оқушылардың сайыс кезінде көрсеткен білімдерін Павлодар қ. ІІБ жергілікті полиция қызметінің, білім беру басқармасының, балалар техникалық мектебінің, жедел медициналық көмек станциясының, Жарты Қызыл ай қоғамының және Павлодар қ. салауатты өмір салтын қолдау орталығының өкілдері бағалады.

Сайыстың соңғы кезеңінде әрбір отрядтың насихаттау бригадаларының жарқын қойылымдарына сайысқа қатысушылар, педагогтар, қонақтар және қазылар алқасы барлығы қолдау мен қошемет көрсетті.

Сайыстың қортындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша Павлодар қ. №34 ЖОББМ отряды жеңіпаз болып танылды, 2 орынға Жетекші ЖОББМ отряды ие болса, 3 орынды Павлодар қ. №13 ЖОББМ отряды иеленді.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығы ұсынған номинаттар бойынша «Жас санитар» сайысының жеңімпаздары анықталды. «Шапшаңдығы үшін» номинация бойыынша мадақтама Павлодар қ. №23 ЖОББМ отрядына табысталды. «Іс-қыймылдарындағы келістілігі үшін» номинацияны Павлодар қ. №13 ЖОББМ отряды және «Білімді шешім» номинацисын Павлодар қ. №34 ЖОББМ отряды жеңіп алды.

Биыл мамыр айында, 1973 жылы Кеңес Одағында бастау алған «ЖЖЖИ» қозғалысына 45 жыл болатынын атап өткен жөн. Павлодар облысында жас жол жүру инспекторының слеті 18 рет өткізілуде.

Абыройлы ЖЖЖИ атағына ие балалар құрбыластарына жол ережесін сақтау бойынша үлгі көрсете алатын, өз елінің лайықты азаматы болып, қоршаған ортаға өнегелі және ілтипаттылығымен қарауға өнеге көрсететін, қазір біздің жолдарда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұрпақ болып өсетітіне сенміз.