Скрининг сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін!

Сүт безі обыры – сүт безінің безді ұлпасының қатерлі ісігі.

Әлемде бұл 13-тен 90 жасқа дейінгі әйелдердің арасында 1/13-тен 1/9-ға дейін өмір бойы зақымдайтын қатерлі ісіктің ең жиі кездесетін түрі.

Сондай-ақ, жиілігі бойынша жалпы популяциядағы өкпенің обырынан кейінгі екінші онкологиялық ауру (ерлер санын есептегенде; сүт безі ерлер мен әйелдерде бірдей ұлпадан тұрады, сүт безінің обыры кейде ерлерде де кездеседі, бірақ бұл обыр түрінің жағдайлары еркектерде осы аурумен ауыратын науқастардың жалпы санының 1% — дан азын құрайды).

ДДСҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, әлемде жыл сайын 800 мыңнан 1 млн.-ға дейін сүт безі обырымен сырқаттанудың жаңа жағдайлары тіркеліп жатыр. Әйелдерде қатерлі ісіктен болатын өлім саны бойынша қатерлі ісіктің бұл түрі екінші орынға ие.

Генетикалық, яғни тұқым қуалайтын факторлар орта есеппен онкологияға бейімділігіктің 25%-ын құрайды.  Ал 25%-ы өмір салтынан әсер (тамақтану, ұйқы, дене жүктемелері), экологияға және зиянды әдеттерге (темекі шегу және алкоголь) келеді.

Сүт безінің обыры бүкіл әлемде скринингтік бағдарламалар мен маммографиялық зерттеулердің арқасында емделеді. Олар аурудың соңғы сатысында анықталуын азайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 40-70 жастағы әйелдер арасында сүт безі обырының скринингі, маммографиялық зерттеу жүргізіледі. Кезеңділігі — екі жылда бір рет.

Отбасылық сыртартқысында сүт безі обыры болған жағдайда, маммографияны жыл сайын 35 жастан бастап жүргізу ұсынылады.