Салауатты өмір салтын үйлестірушілердің семинары

Павлодардың №1 емханасында салауатты өмір салтын үйлестірушілер үшін «Нашақорлық-әлеуметтік проблема. Жіті ішек жұқпасы және тамақтан уланудың алдын алу шаралары» атты семинар өтті.

Медицина ұйымдарының СӨС үйлестірушілері- аурудың алдын алу мәселелерімен айналысушы және салауатты өмір салтын насихаттаушы-дәрігерлер, медбикелер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер Павлодар және Екібастұз қалаларының медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ұлттық скринингтік бағдарламаның орындалуы туралы ақпаратты тыңдады.

Жіті ішек жұқпасы және тамақтан уланудың алдын алу және ескерту шаралары туралы облыстық жұқпалы аурулары ауруханасының 4-ші жұқпалы бөлімінің меңгерушісі Н. Агеева айтты.

Жедел медициналық көмек станциясының №1 бөлімшесінің меңгерушісі С.Крылованың жарақат алғанда, суға бату, ыстық және күн тиген кезде көрсетілетін бірінші медициналық көмек туралы бөліскен ақпараты қызықтыда танымды болды .

Семинарға қатысушылар жастар арасында психикалық бесенділікті арттыратын заттарды қолданудың алдын алу бойынша тренингте белсенділік танытты.

Семинар барысында, семинарға шақырылған мамандар мокулярды дегенерация және «құрғақ көз» синдромын алдын алу, сондай-ақ гала емі туралы пайдалы ақпараттарды таныстырып айтты.