«Салауатты ұрпақ-ұлт болашағы» атты семинар

2017 жылғы 08 желтоқсанда Ақсу қаласының білім беру бөлімі Ақсу қаласының М.Омаров селолық округі «Жамбыл орта мектебінде» тәрбие ісінің меңгерушілері және салауатты өмір салтын үйлестірушілері үшін ведомствоаралық өзара әрекеттесу шеңберінде салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандарымен бірлескен «Салауатты ұрпақ-ұлт болашағы» атты қалалық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. «Жамбыл орта мектебі» ДСҰ «ДНЫТМ» жобасына кіретін мектептердің бірі.

Мектеп ұстаздары шеберлік және тәрбие сағаттарын, «Салауатты ұрпақ-ұлт болашағы» интеллектуалды – сауықтыру дөңгелек үстелі, «Толағай» отбасылық сайысын өткізді.

Семинарға қатысушылар Ақсу қаласының білім беру мекемелерінде болшақ ұрпақтың денсаулығын нығайтуда «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара тәжирбелерімен алмасты.