Салауатты өмір салтын үйлестірушілерге семинар

Павлодар қ. №3 емханасында салауатты өмір салтын үйлестірушілерге арналған  облыстық семинар өтті.  Семинарда 2016-2019 жылдарға арналған  «Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламаның жүзеге асыру мәселелері  және жүрек — қантамыр  ауруларын интегралды басқару моделін енгізудің жүзеге асырылу  барысы талқыланды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының директорының орынбасары Г. Жүсіпова салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 2017 жылдың 1 тоқсандағы жұмыс қортындысын шығарды.

Ол емханалар мен ауруханалардың аурудың алдын алу бойынша денсаулық мектептерінің қызметтерін жандандыру арқылы науқастармен болып жатқан  оң нәтижелі жұмыстарын атап өтті және аурудын алдын алу шараларын түрлендіру арқылы тұрғындармен істелетін жұмыс формаларын кеңейтуге ұсыныс жасады.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Б. Сүйеукенов семинарға қатысушыларға 2017 жылғы 1 тоқсандағы  скринингтік бағдарлама бойынша істелген жұмыстың қортындысын хабарлады,  аурудың алдын алу бойынша қаралумен қамтудың  қай елді мекендерде ұлғайып, соған сәйкес ауруларды анықтаушылығы артқанын атап өтті.

Облыстық кардиологиялық орталықтың кардиологы  Б.Қабылбекова медицина ұйымдарында жүрек — қантамыр  ауруларын интегралды басқару моделі аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Ол  өзінің кардиоорталықтағы  науқастармен  істеліп жатқан жұмыс тәжрибесімен бөлісті.

Семинарға қатысушылр Павлодар ауданының жанындағы «Болашак» жастар орталығының басшысы,психолог, салауатты өмір салтын үйлестіруші Б. Жұматаеваның жастармен  шылым шегушіліктің алдын алу бойынша ұйымдастырылып өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараты қызығушылықпен тыңдады.

Семинар соңында тыңдармандар Павлодар қ. №5 емхананың психологы Т. Жұмашеваның мінез құлық қауіп қатер факторларын алдын алу бойынша өткізген тренингіне қатысты