Салауатты өмір салтын үйлеструшілер үшін семинар

Салауатты өмір салтын үйлеструшілер үшін өткен облыстық семинар Ұлттық бағдарлама аясында  мамыр айында, сонымен қатар маусым айында жіті ішек инфекциясы және тағамнан уланудың (ЖІИ) алдын алу мәселелеріне арналған  «Денсаулықтың алтын ережелері» бағдарламасы  аясында өткізілген іс- шаралардың қортындысын шығарды.

ЖІИ  және тағамнан улану бойынша Қазақстандадағы  ахуалды қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің  эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы З.Шәдиева хабарлады. Ол сөзінде  өңірімізде ЖІИ бойынша ахуал тұрақты деп атап өтті, бірақ, жазғы маусым кезінде ЖІИ алдын алу  шараларын нығайту қажет, соның ішінде: тағам өнімдерін дұрыс сақтау, тағамды дайындау кезінде температуралық ережелерді ұстану, көк-өністер мен жемістерді ағынды суда тазалау керектігіне назар аударды.

Осындай қарапайым ережелер ЖІИ алдын алудың негізгі  шаралары болып табылады. Одан әрі эпидемиолог дәрігер  менингококк инфекциясы мен менингит бойынша да  алдын алу шараларын нығайтуың қажеттігіне тоқталды. Әсіресе  мектепке дейін білім беретін және мектеп  мекемелерінде, жазғы демалыс лагерлерінде, адамдар көп жиналатын орындарда жүргізілетін алдын алу шараларына аса назар аударды.