Ұзақ өмір сүру құпиясы

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Денсаулық клубының» белсенділерімен кездесу өтті.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері дүниеде белгілі ұзақ өмір сүру құпиясы және денсаулық рецептерімен бөлісті.

Ол келеңсіз сезімнің біздің денсаулығымызға кері әсер етені жөнінде дүниежүзілік медицинада болған мысалдарды қосып айтты.

Су туралы-шындықтар мен аңыздар: суды қалай дұрыстап ішу және оның жасушалық деңгейде ағзаға сауықтыратын әсері туралы тақырып клуб мүшелерінің елеулі талқылауын тудырды, осы тақырыпқа байланысты, суды дұрыс ішу және оның бір тәуліктік ішу көлемі туралы көптеген кеңестер мен ұсыныстар айтылды.

Кездесуге қатысуға Павлодардың салауатты өмір салты клубы мүшелері шақырылып, олар тыңдармандарға өз салмақтарын, аппарат арқылы ағзадағы зат алмасудың және ішкі майдың салыстырмалы деңгейін, сүйектің және бұлшық еттің салмақтарын, биологиялық жасты және тағы басқа көрсеткіштерді, сондай-ақ күнделікті үйлесімді тамақтанудағы ас мәзірін есептеп анықтауды ұсынды.