Қант диабеті –тоқта!

Адамзат тамақпен бірге қантты қолдануын доғармайынша, толыққанды өмір сүру үшін қант соншама қажет па деген тақырып бойынша пікір талас бірде толастамас.

Халық арасында «Қант-ақ өлім» деген сөз бар. Бір кезде қант қымбат дәрі ретінде дәріханаларда сатылған болатын. Қанттың ағзаға зияны туралы айтқанда, біз рафинадталған қант туралы айтатынымызды есте ұстауымыз қажет.

Ол қант қызылшасы немесе қант тростнигін көпсатылы өңдеуден өткізген кезде пайда болатын химиялық зат.

Алынған химиялық өнімнің құрамында өңделмеген өсімдік және мал өнімдерінің барлығында болатын дәрумендер, тұздар және басқа биологиялық белсенді заттар болмайды.

Жасанды қант ағзадан минералды тұздарды және дәрумендерді тартып алып, иммунды және эндокринді жүйелердің жұмысын бұзады. Соның нәтижесінде ағзадағы барлық тіндердің солуына және түрлі аурулардың пайда болуына әкеледі.

Көміртегі алмасуының бұзылуымен байланысты ең белгілі ауру-қант диабеті. Қант диабетімен ауырғандар саны мен оның таралуы дүние жүзінің барлыық өңірлерінде өсуде. Көптеген жағдайда диабеттің алдын алуға болады, оны анықтау мен емдеу шаралары қант диабетімен ауырғандардың ұзақ та салауатты өмір сүру мүмкіндігін жоғарлатады.

Осыны павлодарлықтар «Павлодар-2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған ақпараттық науқан аясында білді.

Облыстық халыққа қызмет ету орталығына келушілерге эндокринолог дәрігердің кеңесін алу мүмкін болды, олардан қандағы қанттың деңгейін анықтап, салмақ индексін есептеді.

«Қант диабеті –тоқта!» акциясы барысында Павлодар қ. орта білім беру мектептерінің оқушылары «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен қалалық стол теннисі турнирінің қатысушылары болды.

Турнирдің қортындысы бойынша Павлодар қ. № 25 ЖОББМ бірінші орынға, екінші орынға № 36 ЖОББМ және үшінші орынға № 43 ЖОББМ командалары ие болды. «Павлодар-2050» қоғамдық қоры жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мадақтамалар, медальдар және сыйлықтармен марапаттады.