Шаналар алға!

Павлодар қ. №28 бала-бақшада қызу және  белсенді тәрбиешілер мен мұғалімдердің қатысуыларымен «Shana go!» атты қысқы спорт сайысы өтті.

Бала-бақшаның тәрбиешілері мен мұғалімдері арасында осындай  көңілді спорт сайысы жылына өткізіледі. Бұл спорттық шара  бала бақшаның қызметкерлерінің  салауатты өмір салтын  ұстанып, өмірде пайдалануына, оны насихаттауына бағытталған.  Спорттық сайысты қадағалайтын қазылар алқасы құрамында салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары болды.

Биыл бұл спорттық сайысқа Павлодар қ. №№28, 35, 93,102 бала-бақшаларының тәрбиешілері мен мұғалімдері қатысты. Жеті кезеңнен тұратын спорттық сайыс  №28 бала-бақшаның ауласында өтті.

Алдымен сайысқа қатысушылар алты адамнан тұратын 4 командаға бөлінді. Әрбір команда қазылар алқасына және жанкүйерлерге өздерін  ерекше түрде таныстып өту керек болды.

Шанамен өткізілген сайыс түрлері: шанамен жылдамдыққа жарысу,  жүріп келе жатқан шананаың үстінде отырып теңгесі бар қалаташаларды жинау, жүріп келе жатқан шананаың үстінде отырып нысанаға дәл тигізу  және сайыс арасында сайысқа қатысушылар флэшмоб өткізді.

Осының бәрі сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді  тоңдырмай,  ойнақы, шат-шадыман  көңіл-күй сыйлады.

Ересектердің спорттық рухын қолау мақсатында  кішкентай балалардың «Чирлидинг» деген тобы өнер көрсетті.

«Ең жүйрік» номинация бойынша бір ауыздан №35 бала-бақша ұжымы жеңімпаз болып танылды.

Ең көп ұпай жыйнап, 1 орынға №93 бала-бақша ұжымы ие болды. 2 орынды №102, 3 орынды  спорт алаңының иелері №28 бала-бақшаның  ұжымдары алды.

Спорттық сайысқа қатысушылардың бәрі дәмді жүлделермен марапатталды, көрермендерге  тамаша көңіл-күй сыйлады.