Денсаулық рецепты

Ақсудың № 8 мектебінде  «Мектеп қауымдастығында денсаулық сақтауды қалыптастыру» атты мұғалімдердің 17 конференциясы өтті. Конференцияға Павлодар облысы білім беру басқармасының бас маманы С.Нургалиева, мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, салауатты өмір салтын үйлестірушілер, 70 аса мектеп мұғалімдері қатысты.

Конференцияны салауатты өмір салтын қолдау орталығының директоры

Т. Баймаханов ашты. Ол өз сөзінде: «Ақсу мектебі көп жылдан бері ДДҰ «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша жұмыс істеп, осы жоба бойынша жұмыс істейтін оқу орындары арасында  үздік деп танылған 102 мектептердің ішінде тек жоғары дәрежеде білім беріп қана қоймай, оқушылардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша да танымал»-деді.

Ақсу мектебінің педагогтары мен оқушылары секциялық сабақтарда өз тәжірибелерімен бөлісті, мектеп қабырғасында және мектептен тыс жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданылатын заманауи жұмыс тәсілдерін, құралдарын және түрлерін көрсетті

«Біз салауатты ұлтпыз» насихаттау бригадасының театрланған қойылымы нашақорлықтың және ішімдікке салынудың алдын алуға бағытталды. Жастары төмендеу балалардан тұратын «Здоровячок» насихаттау бригадасы  «Велосипед, транспорттың бір түрі» атты танымдық бағдарлама ұсынды. «Би, қозғалыс, салауатты өмір салты» хореографиялық сабағы жарқын да әсерлі өтті,  фитобардағы «Рахымды денсаулыққа жол» шеберлік сағаты кәсіби деңгейде  өткізілді, сонан соң оқушылар «ҚР Қызыл жарты ай қоғамдық қауымдастығы  Павлодар облыстық  филиалының» қатысуымен өткен «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» іс-тәжірибе сабағы барысында оқушылар өздерінің білімдерін нақты мысалдар арқылы көрсете білді.

Конференция қонақтары қызығушылықпен «Денсаулық-ең басты құндылық» атты сыныптан тыс іс-шараны тамашалады, фитобардағы сусындардан ауыз тиді, «Фитоденсаулық» үйірмесі мамандары өздерінің рецептерімен бөлісті.

Ақсудың № 8 мектебі өздерінің спорттық жетістіктерімен танымал. Футбол, баскетбол, теннис, каратэ, жеңіл атлетика чемпиондары мен жүлдегерлері өздерінің спорттық ойындарынан үзінді қойылымдар  көрсетті.

Конференция жұмысының қортындысын шығару кезінде мұғалімдер  көрген сабақтардан алған әсерлерін айты, сабақ барысындағы озық сәттерді атап, оны оқу орындарында пайдалануға болатынын  хабардар етті.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қолдау орталығы ұйымдастырған «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептің үздік мұғалімі» атты облыстық сайысқа қатысқан педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. Алғашқы  үш орынды Павлодар қ. №41 мектептің мұғалімі Наталья Лунгу, Павлодар  ауданының Заря мектебінің мұғалімі  Камила Усербаева және  Тереңкөл ауылының А.Н. Елгина атындағы №1 мектептің мұғалімі Нурлан Сеитов  иеленді.

Көрсетілімді сабақтары үшін  Павлодар ауданының Ольгинка ЖОББМ мұғалімі Елена Дочкинаға, Железинканың ЖОББМ мұғалімі Алтынай Итыбаеваға  алғыс хаттар табысталды.