Рекомендации населению по профилактике Сибирской язвы

Русский

Прежде всего, подчеркнем, что сибирская язва – острое, особо опасное инфекционное заболевание, возникающее у человека и животных. Заражение людей в большинстве случаев происходит при контакте с больными животными, реже – при контакте с зараженной почвой. От человека человеку заболевание сибирской язвой не передается. Источником инфекции являются больные сельскохозяйственные животные (крупный рогатый скот, лошади, овцы, козы), зараженная почва. Домашние животные (кошки, собаки) мало восприимчивы. Эпизоотии сибирской язвы территориально привязаны к почвенным очагам — хранилищам возбудителей.

Почвенные очаги образуются в результате непосредственного инфицирования почвы выделениями больных животных на пастбищах, в местах стойлового содержания животных, а также в местах захоронения трупов животных (скотомогильники). Возбудитель сибирской язвы проникает в организм человека, в основном, через повреждённую кожу, реже – через слизистые оболочки дыхательных путей и желудочно-кишечного тракта. Инкубационный период (время от момента заражения до появления симптомов заболевания) составляет от 2 до 7 суток. Заболевание может протекать в виде кожной, реже кишечной, легочной и септической форм. Кожная форма сибирской язвы встречается в 98 % всех случаев сибирской язвы. Характеризуется появлением сначала красного пятна, затем везикулы (пузырька) с прозрачным или кровянистым содержимым с переходом в язву с темным (черным) дном с воспалительным багровым валиком. Характерным симптомом является безболезненность (частичное или полное отсутствие чувствительности) в области язвы. К концу первых (вторых) суток болезни появляются высокая температура, слабость, головная боль, частое сердцебиение, увеличение лимфоузлов. Повышенная температура держится в течение от 5 до 7 дней. К концу третьей недели обычно рана заживает с образованием рубца.

Легочная форма сибирской язвы начинается остро, протекает тяжело и даже при современных методах лечения может закончиться смертью больного. Среди полного здоровья возникает озноб, температура тела быстро достигает 40 градусов и выше, слезотечение, светобоязнь, покраснение конъюнктив, чихание, насморк, хриплый голос, кашель. Состояние больных с первых часов болезни становится тяжелым, появляются сильные колющие боли в груди, одышка, кожа приобретает синюшный оттенок, сердцебиение учащается до 120-140 ударов в минуту, артериальное давление понижается. В мокроте наблюдается примесь крови. Смерть наступает через 2-3 дня.

При кишечной форме сибирской язвы отмечается повышение температуры тела, боли в верхней части живота, понос и рвота. В рвотных массах и в испражнениях может быть примесь крови. Живот вздут, резко болезненный при ощупывании. Состояние больного быстро ухудшается. При любой форме может развиться сибиреязвенный сепсис (заражение крови) с менингитом, поражением печени, почек, селезенки.

Клинический диагноз ставится врачом-инфекционистом на основе клинических симптомов, эпидемиологических данных (контакт с больным животным, зараженным мясом и мясными продуктами) и результатов лабораторных исследований.

Лабораторная диагностика включает современные (электронная микроскопия, ПЦР) методы ранней диагностики и классические (микроскопия и бактериологический) методы исследования.

Возбудитель сибирской язвы (Bacillusanthracis) бывает в вегетативной и споровой формах. Вегетативные формы сибиреязвенной палочки быстро погибают при кипячении и воздействии обычных дезинфектантов. Возбудитель, попадая во внешнюю среду, переходит в споровую форму. Споры во внешней среде сохраняются десятилетиями и обладают большой устойчивостью к высокой температуре, высушиванию и дезинфицирующим веществам. При автоклавировании споры при температуре 110 °C гибнут лишь через сорок минут. Сухой жар при температуре 140 °C убивает споры через два с половиной — три часа. Прямые солнечные лучи споры сибирской язвы выдерживают в течение десяти — пятнадцати суток.

Эффективными средствами обеззараживания при сибирской язве являются спороцидные (действующие на споры) дезинфекционные средства, в том числе хлорсодержащие, перекись водорода и др.

Рекомендации населению

Приобретать мясо и мясную продукцию необходимо только в местах санкционированной торговли (рынках, магазинах, торговых центрах), где осуществляется контроль за безопасностью и качеством сельскохозяйственной продукции.

При приготовлении пищи не допускается пробовать на вкус сырые и в ходе приготовления мясные продукты (например, фарш). В ходе приготовления в домашних условиях рекомендуем тщательно проваривать (кусками не более 500 грамм в течение 2,5 часов) и прожаривать мясо и мясные продукты.

При уборке помещений для скота, работе со шкурами, шерстью, пухом и др. необходимо использовать одноразовые маски, которые после использования нужно сжечь. Если после контакта (уход, убой, разделка и др.) с больными животными появились высокая температура, покраснения кожи, язвы (черные струпы) необходимо срочно обратиться за медицинской помощью в ближайшую медицинскую организацию.

Самолечение недопустимо, так как может привести к развитию осложненных форм и повышает риск смертельного исхода.

При посещении врача больной обязательно должен рассказать о контакте с больным животным (уход, разведение, лечение, убой, разделка и др.). Лица, находившиеся в контакте с больными животными или заразным материалом, подлежат врачебному наблюдению в течение 2 недель и получают профилактическую антибиотикотерапию.

Убой скота необходимо проводить только после осмотра ветеринарным специалистом. При подозрении на заболевание у животных, следует немедленно обратиться к ветеринарному специалисту. При выявлении больных животных их следует изолировать и обратиться к ветеринарному специалисту и принять срочные меры по их уничтожению.

В случае падежа скота необходимо вызвать ветеринарного специалиста, в присутствии которого принять меры по утилизации трупов; инфицированные объекты необходимо обеззараживать хлорсодержащими и другими спороцидными (действующими на споры) препаратами.

Сельскохозяйственные животные должны быть вакцинированы с последующим наблюдением за вакцинированными животными в течение 14 календарных дней.

Помните! Болезнь легче предупредить, чем лечить.

Қазақша

Күйдіргі

Күйдіргі – адамда және жануарларда болатын жіті, аса қауіпті инфекциялық ауру. Көптеген жағдайларда адамдар ауруды ауру жануарлармен байланыста болғанда жұқтырады, жұқпалы топырақпен жанасқанда сирек жұқтырады. Күйдіргі ауруы адамнан адамға берілмейді. Инфекция көзі ауру ауыл шаруашылығы жануарлары (ірі қара мал, жылқы, қой, ешкілер), жұқпалы топырақболып табылады. Үй жануарлары (мысықтар, иттер) ауруды нашар қабылдайды. Күйдіргінің эпизоотиялары аумақтар бойынша қоздырғыштарды сақтау орындары – топырақты ошақтарға байланысты.

Топырақты ошақтар жайылымдарда, жануарларды ұстайтын жерлерде, сондай-ақ жануарлардың мәйіттерін көметін орындарда (мал қорымдары) ауру жануарлардың бөлінділерімен топырақтың тікелей инфекциялануы нәтижесінде қалыптасады. Күйдіргінің қоздырғышы адамның организміне негізінен зақымдалған тері арқылы енеді, тыныс алу жолдарының және асқазан-ішек жолының сілемейлі қабықтары арқылы сирек жұғады. Инкубациялық кезеңі (жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт) 2-7 тәулікті құрайды. Ауру терілік түрде, кейде ішек, өкпе және септикалық түрлерінде өтуі мүмкін. Күйдіргінің терілік түрі күйдіргінің барлық жағдайларының 98%-ында кездеседі. Алдымен қызыл дақ, содан соң мөлдір немесе қанды сулы бөртпелер (көпіршіктер) пайда болады, кейін олар қабынған қып-қызыл белдігі бар түбі қара жараға айналады. Негізгі симптомы жараның ауырмайтыны (сезімталдықтың ішінара немесе толық болмауы). Бірінші (екінші) тәуліктің соңына қарай температура көтеріледі, әлсіздік пайда болады, бас ауырады, жүрек соғуы жиілейді, лимфа түйіндер ұлғаяды. Жоғары температура 5-7 күн бойы тұрады. Үшінші аптаның соңына қарай әдетте жара тыртық қалдырып жазылады.

Күйдіргінің өкпе түрі қатты басталады, ауыр өтеді және тіпті заманауи емдеу әдістеріне қарамастан, науқастың қайтыс болуымен аяқталады. Дені сау адамда қалтырау пайда болады, дене температурасы 40 градустан да жоғары көтеріледі, көзден жас ағады, жарықтан қорку пайда болады, конъюктивалар қызарады, адам түшкіреді, қақырады, дауысы қарлығады, жөтеледі. Аурудың алғашқы сағатынан бастап науқастың жағдайы ауыр болады, өкпе шаншып ауырады, ентігу пайда болады, тері көгереді, жүрек қағысы минутына 120-140 дейін жиілейді, артериялық қысым төмендейді. Қақырықта қанның қоспасы байқалады. Өлім 2-3 күннен кейін пайда болады.

Күйдіргінің ішек түрінде адамның дене температурасы жоғарылайды, ішінің жоғарғы бөлігі ауырады, іші өтеді және құсады. Құсық массалары мен нәжісте қанның қоспасы болуы мүмкін. Іш кебеді, сипаған кезде қатты ауырады. Науқастың жағдайы тез нашарлайды. Аурудың кез келген түрінде менингит, бауыр, бүйрек, көкбауыр зақымдалып күйдіргі сепсисі (қанның бұзылуы) дамуы мүмкін.

Клиникалық диагнозды инфекционист дәрігер клиникалық белгілері, эпидемиологиялық деректері (ауру жануармен, етпен және ет өнімдерімен байланыста болу) және зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қояды.

Зертханалық диагностикасы заманауи ерте диагностикалау (электрондық микроскопия, ПТР) әдістерін және классикалық зерттеу (микроскопия және бактериологиялық) әдістерін қамтиды.

Күйдіргінің қоздырғышы (Bacillus anthracis) вегетативті және споралық түрде болады. Күйдіргі таяқшасының вегетативті түрлері қайнатқан кезде және қарапайым дезинфектанттар әсерінен тез өледі. Сыртқы ортаға түсе отырып, қоздырғыш споралық түрге айналады. Сыртқы ортада споралар ондаған жылдар бойы сақталады және жоғары температураға, кептіруге және дезинфекциялық заттарға төзімді болады. Автоклавтау кезінде споралар 110 °C температурада тек 40 минуттан кейін ғана өледі. 140 °C температурадағы құрғақ ыстық спораларды 2,5 – 3 сағаттан кейін өлтіреді. Күйдіргі споралары тікелей күн сәулесіне 10-15 тәулік бойы төзімді.

Күйдіргі кезінде залалсыздандырудың тиімді құралдары спороцидті (спораларға әсер ететін) дезинфекциялық құралдар, оның ішінде құрамында хлор бар құралдар, сутегі тотығы және басқалар.

Халыққа ұсынымдар

Етті және ет өнімдерін ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы бақыланатын рұқсат етілген сауда орындарынан (базарлар, дүкендер, сауда орталықтары) сатып алу қажет.

Тамақ дайындаған кезде шикі ет өнімдерінің (мысалы, фарштың) дәмін татып көруге болмайды. Үй жағдайында дайындағанда етті және ет өнімдерін мұқият пісіруді және қуыруды (500 грамнан аспайтын кесектерді 2,5 сағат бойы) ұсынамыз.

Малдың қораларын жинаған кезде, терісімен, жүнімен және т.б. жұмыс істегенде бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану қажет, оларды пайдаланғаннан кейін өртеу керек. Егер ауру малмен жанасқаннан кейін (бағу, сою, мүшелеу және т.б.) температура көтерілсе, тері қызарса, жаралар (қара қабыршақтар) пайда болса, жақын жердегі медициналық ұйымға тез арада көмекке жүгіну қажет.

Өзін өзі емдеуге болмайды, себебі ауру асқынып кетуі және өлімге алып келуі мүмкін.

Дәрігерге барған кезде науқас адам міндетті түрде ауру жануармен жанасқаны туралы айтуы тиіс (бағу, өсіру, емдеу, сою, мүшелеу және т.б.). Ауру жануарлармен немесе жұқпалы матуриалмен жанасқан адамдар 2 апта бойы дәрігердің бақылауында болады және профилактикалық антибиотикпен ем алады.

Малды тек ветеринармаман қарағаннан кейін ғана сою қажет. Жануардың ауыруына күдік пайда болғанда тез арада ветеринар дәрігерге жүгіну қажет. Ауру жануарлар анықталған жағдайда оларды оқшаулап, ветеринар дәрігерге жүгіну керек және оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет.

Мал өлген кезде ветеринар маманды шақыру керек, оның қатысуымен мәйіттерді жою бойынша шаралар қабылдау қажет; инфекцияланған объектілерді хлорлы және басқа да спороцидті (спораларға әсер ететін) препараттармен залалсыздандыру қажет.

Ауыл шаруашылығы жануарлары вакцинациялануы тиіс, кейін олар вакцинациядан кейін 14 күнтізбелік күн бойы бақылауда болады.

Есте сақтаңыздар! Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс.