Салауаттылық сіздің өмір салтыңыз болсын!

2018 жылғы  22 қазаннан  ішімдік ішуден бас тарту ұлттық күніне орайластырылған «Салауаттылық – өмір салты!» Ұлттық бағдарлама бастау алды.

Ақпараттық түсіндірме науқаны салауаты өмір салтын қалыптастыруға және ерте жастан бастап балаларға сау әдеттерге баулуға, отбасылық  қарым-қатынстарды нығайтуға, күнделікті  дене белсенділігін тәрбиелеуге, әркім өзінің және өскелең ұрпақтың денсаулығына жауапты қарауына бағытталған.

Ішімдік  ауыршаңдықтың және ерте болатын өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады. Ішімдік миды зақымдайды, қозғалыс үйлесімдігін, жүректің жұмысын бұзады, асқазанның сілемейлі қабығын қабындырады, асқазанда жара пайда болады.

Ішімдікті жиі және шамадан тыс тұтынғанда бауыр ауруы (цирроз), созылмалы бронхтың, өкпенің қабынуы  болады.

Әйелдер жүктілік және жүктілік емес кездерінде ішімдік шамадан тыс тұтынса ішімдік болашақта болатын баланың ағзасына кері әсерін тигізеді, туған туған балада  түрлі кемістік болуы мүмкін.

Жасөспірімдердің толық қалыптаспаған ағзасына ішімдіктің аз мөлшерінің өзі қатты зиян келтіреді.

Ішімдіктің алдын алудың ең тиімді шараларын ұсынамыз: демалыс уақыттарында отбасымен таза ауада серуендеу, отбасылық құндылықтарды жалғастыру (көкке және  жорыққа шығу, балық аулау, үй ауласында спорттық ойындар ойнау, бассейнге бару т.б.).

Өздеріңнің және жақындарыңның денсаулығына жауапты болыңдар,   өмірлерің ішімдіктен ада болсын!