Жүрек ауруларының алдын алу

21 ақпанда облыстық кітапханада «ЗОЖ» клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы: «Жүрек ауруларының алдын алу. Күретамыр гипертониясы пайда болуының факторлары».

«Салауатты өмір салтын қолдау орталығының» дәрігері К.К. Сакенов жүрек – қан тамыры жүйесі ауруларының ерекшеліктерін, диагностика және күретамыр гипертониясын емдеу жолдарымен таныстырды.

Әңгіме барысында дәрігер артық салмақ, жүріс – тұрысы аз өмір салты, ішімдік ішу, теңгерімсіз тамақтану, темекі шегу, күйзелістер секілді факторларға ерекше назар аударды, олар күретамыр гипертониясының дамуына әсер етеді.

Іс – шара қонақтары артериялық қысымды өлшеу техникасын үйренуге белсене қатысты. Қатысушыларға «Сердце под защитой» әдебиеттер шолуымен таныстырылды.