Артық салмақтылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме науқанын өткізу

Мен бірнеше адамның аштықтан және жүздеген мың адамның тамақты шамадан тыс көп жегеннен өлгенін көрдім. Б. Франклин, америкалық ағартушы

Бұл сөздер 18 ғасырда айтылған. Бұл сөздер бүгінгі күніде өзекті болуда.

Тамақты шамадан тыс көп жеу және семіздік дүниежүзі бойынша, соның ішінде біздің елімізде де аса үлкен медицициналық және әлеуметтік проблемаға айналуда.

Семіздікті тек артық салмақтық деп түсінбей, оның ауыр созылмалы ауру екенін білу қажет. Бұл ауру кезінде адам ағзасында шамадан тыс май жиналып, адам денсаулығына орасан қауіп төндіреді.

Қашыр ауданының тұрғындары «Vita» ҚҚ ұйымдастырған артық салмақтылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме нақуаны аясында артық салмақтылықтың себептері және оның алдын алу жолдары туралы білді.

Науқан барысында тілек білдіргендер өздерінің дене салмағы индексін анықтауға мүмкіндік алды. Тек дене салмағы индексі артық салмақтылықты бағалайтын жеке дара танылған халықаралық шарт болып қалуда.

Қашыр аграрлы-техникалық колледж оқушылары «Салауатты тамақтану-салауатты ұрпақ!» мүшәйрасында «Фаст фудқа» қарсы жарнама көрсетті.

Мүшәйраның қортындысы бойынша бірінші орынды 22 топ оқушыларының «Переешки» командасы жеңіп алса, екінші орынға 21 топ, үшінші орынға 11 топ ие болды. Жеңімпаздар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

Қашыр ауданының тұрғындары артық салмақтылықтың алдын алу мәселелеріне өздерінің көзқарастарын «Қозғалыс-өмір» ұранымен өткізілген спорттық шараларда көрсете білді.

Сегіз ауыл округының командалары футбол турниріне қатысты. Турнирдің қортындысы бойынша бірінші орынды «Намыс», екінші орынды Ардагерлер, үшінші орынды «Барыс» командалары жеңіп алды. Жеңімпаздар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.