Медицина қызметкерлерінің VII жаздық облыстық спартакиадасы

Өткізілетін күні: 23 маусым

Басталу уақыты: сағат 09.00.

Өтетін орны: Павлодар жоғарғы медицина высшего колледжінің спорт алаңы (Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151)

 

Республикамызда 17 мамырдан медицина қызметкерлерінің кәсіби мейрамына орайластырылған «Сау дәрігер-сау пациент» атты ұлттық бағдарлама бастау алды.

Бағдарлама аясында 23 маусымда «Денсаулық бәрімізге!» ұранымен Павлодар жоғарғы медицина колледжінің спорт алаңында медицина қызметкерлерінің VII жаздық облыстық спартакиадасы  өтеді.

Спартакиада медицина қауымының өкілдері, медицина колледждерінің, ЖОО  мұғлімдер құрамы мен  студенттеріне, физикалық  белсенді өмір салты мен спортты,  өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті қалыптыстыруды насихаттау мақсатына қызығушылық танытқан тұрғындарға  арналған.

Спартакиада аясында ерлер арасында мини-футболдан және гір көтеруден, әйелдер арасында волейболдан, ерлер мен әйелдер арасында жеңіл  атлетикадан, армрестлингтен, арқан тартудан сайыстар өтеді.

Дене белсенділігі өмір бойы  денсаулыққа  қажетті маңызды фундамент. Дене белсенділігінің  денсаулыққа белгілі әсерлері, соның ішінде: жүрек-қан айналымы ауруларының, жоғарғы қан қысымының, диабеттің, кейбір обыр түрлерінің  қауіп қатерлерінің төмендеуіне, дене белсенділігімен  кешенді  шұғылдану кезінде созылмалы аурулардың дұрыс ағымына пайдалы

Дене белсенділігінің бәріне танымал пайдасын білесе де дүниежүзінде  ересектерге ұсынылатын  дене белсенділігінің деңгейі 1/3 аспайды.

Дене белсенділігінің жетіспеушілігінің туындайтын себептер: кешенді  және ортадағы факторлар: күнделікті өмір сүру жағдайының өзгеруі, жұмыс түрінің негізінен отырып істейтін болғандығы.

Адамдардың  тұратын жерінен оның жұмыс істейтін, дем алатын, дүкендердің орналасқан орындардың  алыстауынан, олар автокөліктерге жиі  жүгіне  бастады.

Республика халқының денсаулығын нығайту мақсатында  медицина қызметкерлерінің  жеткілікті дене белсенділігін қолдаушы ретінде имидждік рөлі өте маңызды.

Павлодар облысындағы спартакиаданың қолдаушылары: облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғарғы медицина колледжі және салауатты өмір салтын қолдау орталығы.

 «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС, телефоны: 50-85-55.