Дұрыс тамақтану адамның салауатты өмір салтының маңызды шарты

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада  оқушылар үшін «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты іс-шара өтті. Шараға Павлодар қ. №11 орта мектептің 5-6 сынып оқушылары шақырылды.

Әдеттегідей жасөспірімдер тамақтану мәселесін білуге құмарлық таныта отырып, тамақтану мәселесіне тәжірибе жасауға дайын тұрады, яғни тамақтану кезінде балалар ағзасына пайдалы емес  деп саналатын азықтарды, сусындарды  пайдаланады.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Г. Сақанова оқушыларға сан қилы өміріміз біздің күнделікті тұтынатын тағамымыздың саны мен сапасына байланысты екенін атап өтті.

Слайд арқылы салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері тамақтану,  соның ішінде тамақ ішу тәртібі адам денсаулығы көрсеткішінің ең маңызды факторлардың  бірі болып саналатынын айтты.

Тамақтану мәселесіне немқұрайлықпен қарау адамның ағза мүшелерінің, сонан соң бүкіл ағзаның қызметінің бұзылуына әкеледі.

Құрамы  жағынан толық емес, немесе аз  және  артық мөлшердегі  азық адамның физикалық және психикалық денсаулығына зиянын тигізу мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтану мәселесіне аса мән беріп, оның толыққанды болуына бар күшті жұмсаған жөн!

Жасөспірімдер «Менің денсаулығым неден тәуелді» атты тренингке белсенді қатысып, салауатты өмір салтының негізгі аспектілерін, соның ішінде: дұрыс тамақтануды, дене белсенділігін, шылым шегушіліктен, ішімдіктен, есірткіден бас тартуды, позитивті жүріс тұрыс пен белсенді өмірлік ұстанымды атап өтті.