Денсаулығың туралы кеңес ал!

30 тамыз-Конституция күні Павлодар қаласының Орталық Жағалауында «Адам және Азамат» атты кеңес аллеясы ашылды. Кеңес аллеясында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар және мекемелер, мектеп және мектепке дейінгі білім беру, әлеуметтік бөлімдер, әр деңгейдегі банктер, медицина ұйымдары қызмет көрсетті.

Демалушылар кеңес алып, емін еркін жағдайда көкейінде жүрген сұрақтарға жауап ала алды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігерлері ниет білдірген дем алушылардың салмағын, бойын, белінің аумағын өлшеп салмақ индексін анықтады, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, семіздіктің салдары мәселелері бойынша кеңес берді.

Салауатты өмір салты қолдау орталығынының мамандарынан кеңес беретін үстел маңында алпысқа жуық адам ақпарат пен кеңестер алды. Сондай-ақ мамандар демалушыларға жұқпалы емес аурулардың алдын алу, екпенің пайдасы, ұлттық екпе кестесі, скрининге шақыру туралы және т.б. ақпараттық-ағарту құралдарын (парақшалар және буклеттер) таратты.