Емханалар Ашық есік күндерін өткізуде

Республика бойынша 1 қазаннан Халықаралық қарттар күніне орйластырылған айлық өтуде.

Осы мерзім ішінде ұйымдар мен мекемелер қарттар, кәрілер және жеке бастыларды, зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметті қорғау мен қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізеді.

Қазанның 2-6 аралығында Павлодар облысының емханалары қарт адамдар үшін Ашық есік Күндерін ұйымдастырады. Бұл күндері қарттарды түрлі мамандар қарап, кеңес беріп, диагностикалық зерттеулерден өткізеді.

Сіздің емханаңызда өтетін Ашық есік Күндері кестесі туралы толық ақпаратты өзіңіздің мекен жайыңызға қарай тіркелген медициналық ұйымның тіркеу бөлімінен біле аласыз.