Өз болашағыңды ойла!

Павлодар басқару колледжінде салаутты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ.Сәкеновтің қатысуымен «Денсаулық сағаты» өтті

15-16жастағы жасөспірімдерге есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы жан-жақты айтып, есірткіні ұзақ қолданудың салдарынан біртіндеп адам ағзасының бұзылуы және нерв жүйесінің азуы туралы слайдты фильм көрсетті.

Колледж оқушыларын қорқор (кальян) шегудің зияны, қорқор шегуде қолданатың қоспалардың құрамы және қорқор шегушілікке тәуелділіктің қаншалықты жылдам болатыны туралы мәселелер қызықтырды.

Салаутты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері студенттер назарын қорқор (кальян) шегу тәуелділікке ғана алып келмей, оны шегу арқылы вирусты гепатит, туберкулез және тағы басқа да жұқпалы ауруларды жұқтырып алуға болатына аударды.

Іс-шара барысында студенттер дұрыс таңдау жасауға және «жоқ» деп айтуға үйренді. Сондай-ақ «қайтып келмес нүктеге жетелейтін» қорқор шегуде қолданатың қоспалар туралы ақпараттық-ағарту құралдары таратылды.