Жүрек аурулары туралы біліміңді жоғарлат!

29 қыркүйекте Дүниежүзілік қауымдастық Дүниежүзілік жүрек Күнін атап өтеді.

Жүрек- қанайналамы жүйесі ауруларына аса назар аудару тегін емес. Бүгінгі күнде инфекциялық емес аурулар өлім-жітімнің, сырқаттанушылықтың және мүгедектіктің ең басты себебі болып табылады, соның ішінде біздің еліміздеде.

Республикамыздың өңірлерінде 2017 жылғы 20 — 29 қыркүйек аралығында жүрек- қанайналамы ауруларын алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.

Инсульттің алғашқы белгілері кезінде қандай көмек көрсетуге болатынын, қандай жағдайларда дәрігерлерге шұғыл жүгіну керектігін, емхана, кардиологиялық қызмет көрсету емханалары деңгейінде нуақастарға қандай медициналық көмек көрсетілетінін, тұтас алғанда жүрек ауруларын алдын алу және адам өз денсаулығын ұзақ мерзімде қорғап, сақтау керектігін түсіндіру үшін облыстық «Казахстан-Павлодар» телеарна студиясында жүрек- қанайналамы жүйесі ауруларын алдын алу және оны емдеу мәселерімен жұғылданатын мамандардың кездесуі ұйымдастырылды.

«Денсаулык жолы» хабары 29 қыркүйекте сағат 19-да мемлекеттік тілде өтеді.

Жүрек- қанайналамы жүйесі аурулары туралы хабардарлығыңызды жоғарлатып, жүрегіңізді аурудан қорғаңыз!